Посткеңестік кезеңдегі Орталық Азия елдерінің жоғары мектебінде гендерлік білім берудің даму үрдісі
Аңдатпа
Мақалада посткеңестік кезеңдегі Орталық Азия елдерінің жоғары мектебінде гендерлік білім
берудің жетекші даму үрдістері айқындалады. Олар: 1) жоғары мектепте гендерлік идеяларды
нормативтік-құқықтық қамтамасыздандыруды жүзеге асыру аумағы (гендерлік теңдіктің
ұстанымдарын есепке ала отырып, жоғары білім берудің нормативтік-құқықтық базасын
жетілдіру; гендерлік білім беру саласында мемлекеттің гендерлік саясатының бағыттарын
анықтайтын арнайы заңнамалық және нормативтік-құқықтық база құру); 2) Қазақстан,
Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан жоғары оқу орындарында (посткеңестік кезеңдегі Орталық Азия
аймақтарының елдеріндегі гендерлік білім беруді ұйымдастыру мен қалыптастырудың мазмұндық
ұқсастық белгілері мен ерекшеліктері және оның біркелкі даму динамикасы) гендерлік оқытуды
ұйымдастыру шарттары; 3) гендерлік зерттеулер бойынша ғылыми қызмет аумағы (жоғары
мектепте гендерлік зерттеулерді академиялық ғылымдардың өзбетінше бір бағыты ретінде заңды
деп тану және ОА елдерінің ғалымдарының және оқытушыларының гендерлік мәселе аясындағы
консолидациясы). Посткеңестік кезеңдегі Орталық Азия аймақтарының елдерінің топтары үшін,
сондай-ақ әр елге тән жеке өзіндік сипаттар мен ерекшеліктер бойынша гендерлік білім беруді
ендірудің жалпы белгілері анықталды. Оң нәтижелермен қатар посткеңестік кезеңдегі Орталық
Азия елдеріндегі жағымсыз үрдістердің көрініс беруі де көрсетілді.
Түйін сөздер: гендерлік теңдік, гендерлік зерттеулер, гендерлік курстар, посткеңестік
кезеңдегі елдер, Орталық Азиялық аймақ, жоғары білім беру.








