Балаларды ерте жастан әдет-ғұрыптық өлеңдер арқылы дамыту (қазақ халқының балалар фольклоры мысалында)

Авторлар

  • K Matyzhanov «Рухани жаңғыру» орталығының ғылыми жетекшісі, Қазақстан
  • A Aitbaeva әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан

Аңдатпа

Мақалада қазақ балалар фольклорының сәбилік салт жырлары, мәпелеу жырлары, уату-алдарқату жырлары сияқты үш үлкен жанрлық түріне сипаттама беріледі. Олардың үлгілері алғаш рет жинақталып, жүйелі түрде зерттеу нысанасына айналған. Әрбір жанрлық түрлердің өзіндік табиғаты мен ерекшеліктеріне қарай жекелей сипаттамалар беріледі. Балаларға арналған жырлардың халықтың тұрмыс-тіршілігімен, әдет-ғұрпымен байланысы тереңдей ашылады. Әр түрлі тарихи кезеңдерге қарай қалыптасқан халықтың дәстүрлі дүниетанымының шығармалардағы көрінісі зерделенеді. Бүлдіршіндердің эстетикалық талғамын қалыптастырудағы шығармалардың көркемдік ерекшеліктері, танымдық маңызы талданады. Балалар фольклорының дәстүрлі тәрбиедегі өзіндік орыны мен мән-маңызы сараланады. «ИРН № АР05135437 Дәстүрлі ұлттық тәрбие (ұлттық код) және қазақ фольклоры мен әдебиеті негізінде рухани жаңғыру» гранттық жобасы бойынша жарияланып отыр.
Түйін сөздер: балалар фольклоры, халық педагогикасы, сәбилік салт жырлары, мәпелеу жырлары, уату-алдарқату жырлары, рухани тәрбие, эстетикалық тәрбие, дәстүрлі дүниетаным, дәстүрлі мәдениет.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-11-15

Журналдың саны

Бөлім

История. Методология современного образования..