ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚОРҒАУ ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ МАҢЫЗДЫ АСПЕКТІЛЕРІНІҢ БІРІ РЕТІНДЕ

Авторлар

  • A Mukasheva Казахский Национальный университет имени аль-Фарабифакультет философии и полиологиикафедра педагогики образовательного менеджмента
  • T Korchakina

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/JES.2019.v58.i1.04

Аңдатпа

Репродуктивті денсаулық елдің табысты болашағының кепілі болып табылады, сондықтан оны қорғау мен нығайтуға ерекше назар аудару ұсынылады. Ерте жыныстық байланыстардың, ЖЖБИ, жасөспірім жүктіліктерінің таралуының және жаңа туған нәрестелерден бас тартуының жоғары дәрежесі, жасөспірімдердің мейірімді жыныстық байланыстарға деген оң көзқарасы, ертенекелер, түсіктастау жәнет үсіктастау, алкоголь мен темекіні пайдалану, сондай-ақ жыныстық мінез-құлық туралы хабардар болмауы немесе дезинформация, жыныстық тәрбиенің тиісті деңгейде болмауы осы проблеманы зерттеуге жоғары қызығушылық тудырады. Мақалада жоғары сынып қыздарының репродуктивті денсаулығын қорғаудың өзекті тақырыбы көтеріледі. Репродуктивті денсаулықтың нашарлау үрдісінің бар екенін көрсететін статистикалық деректер келтірілген. Осы проблеманы ғылыми-педагогикалық зерттеу үшін 56 жоғары сынып қыздарының арасында Біз өзбетінше әзірлеген сауалнаманың көмегімен диагностикалық жұмыс жүргізілді. Осы кезеңде олардың осы салада хабардар етпеу дәрежесі, сондай-ақ өзінің репродуктивті денсаулығы мен мінез-құлқына өте жеңіл мағыналы көзқарас анықталды. Сауалнама кезеңінен кейін біз өз репродуктивті денсаулығы мен жыныстық мінез-құлқына мұқият қарауды қалыптастыру мақсатында дәрісті, деректі фильмді қарау мен талқылауды және пікірталасты қамтитын тәрбие жұмысын жүргіздік.

Түйінсөздер: репродуктивті денсаулық, жасөспірімдер, жыныстық тәрбие.

Жарияланды

2019-05-23

Журналдың саны

Бөлім

Психолого-педагогические исследования

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары