Оқушылардың математикалық білім алуында қазіргі білім беру технологияларын
##doi.readerDisplayName##:
10.26577/JES.2019.v58.i1.013Аңдатпа
Мақалада білім беру ортасын заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып дамытудың негізгі бағыттары қарастырылады, әлемдік стандарттарға сәйкес білім беру сапасын арттыру мәселесі сипатталады. Білім берудің қазіргі парадигмасы алған білімді емес, сол білімді қолдана алуға, функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға бағыталады. Жаңа ұрпақ оқушылары кез келген цифрлық және жаңа мультимедиялық техникаларды еш қиындықсыз меңгере алады. Мақалада педагогке қойылатын басты талап – студентті және оқушыны дамуға ынталандыру және бағыттау сипатталады. Ол үшін білім алушылармен жүргізілетін әдістер жетілдіріледі, тестік әдістемелер қолданылады. Мақалада оқыту үдерісін технологияландыру негізін ақпаратты алу және өңдеу құрайтындықтан педагогикалық технологияға ақпараттық технология ретінде анықтама беріледі. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру үшін оқушыларға тек сабақта ғана емес, сол сияқты сабақтан тыс уақытта да ерекше білімдік орта құру қажеттігі айқындалды. Ол үшін функционалдық сауаттылық деген не екенін ұғынып алу керек. Сонымен қатар функционалдық сауаттылықты дамыту құралдарын қарастыру қажет. Қолданбалы есептерді шығаруда оқушылардың математикалық аппаратты қолдануда біршама қиындыққа тап болатыны анықталды; кейбір мектеп оқушылары математикалық теория мен практиканың арасындағы байланысты түсіне бермейді. Зерттеу аясында математиканы оқытуда АКТ қолданудың жаңа әдістемесін ендіру бойынша педагогикалық эксперимент жүргізілді.
Түйін сөздер: білім беру, математикалық білім беру, ақпараттық технологиялар, білім беру ортасы, эксперимент.








