Ақылды әрекет және П.Я. Гальперин түсінігінің кезеңдік құрылуы: инновациялық тәсіл
##doi.readerDisplayName##:
10.26577/JES.2019.v59.i2.06Аңдатпа
Бұл мақалада адамныңақыл-ой қызметін дамыту, жүйелітүрде кезеңділікпен қалыптастыру әдісіретінде пайдаланудыңөзектілігін, әлеуметтік тәжірибенімеңгерудіңбелсенділік теориясын дамытудыңбіріншікезеңіретінде П.Я. Галперин тұжырымдамасы және ақыл-ой әрекеттерін кезеңмен қалыптастыру теориясыныңмәнін бағалауға әрекет жасалды. Әрекет теориясын одан әрідамыту үшін П.Я. Галперинніңақыл-ой әрекеттерін кезеңдік (жоспарлы) қалыптастыру теориясыныңнегізгіережелерініңмаңыздылығын ашады.
Жалпы білім беру тәжірибесінде және мектептегібілім беру практикасында, атап айтқанда, білім берудіңбасқа да түрлерібойынша П.Я. Галперинмен құрылған ақыл-ой әрекеттерін кезеңдік (жоспарлы) қалыптастыру теориясыныңпайдаланудыңөнімділігімен өзектілігініңмаңыздылығына негіздеген. Ғалымныңжүйелендірудегінегізгісипаттамалар деп аталатын тақырыптықнақты дағдылары, оларды өңдеу жолдары, сондай-ақосы сипаттамалардыңөзектілігіне байланысты рөлімен маңыздылығы көрсетілген.
Осылайша 60 жылдан астам тарихы бар П.Я. Галпериннің ақыл-ой әрекеттерін кезеңдік (жоспарлы) қалыптастыру теориясының дамуы және осы көзқарасты ғылыми негізде пайдалану көптеген теориялық, әдістемелік және практикалық мәселелерді табысты іске асыруға мүмкіндік береді деп айтуға барлық негіздерді береді.
Түйін сөздер: әрекеттік тәсіл, психологиялық әрекеттік теориясы, оқытудың әрекеттік теориясы, ақыл-ой әрекеттерін кезеңдік (жоспарлы) қалыптастыру теориясы, әрекет құрылымы.








