Байдарка және каноэ бойынша жоғары білікті ескекшілердің жарыс алдындағы күйін оңтайландыру мақсатында арнайы физикалық жаттығулардың ғылыми тұрғыдан негіздеудің педагогикалық аспектісі

Авторлар

  • D Zharmenov Қазақ спорт және туризм академиясы image/svg+xml
  • S Khaustov Қазақ спорт және туризм академиясы image/svg+xml

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/JES.2019.v59.i2.013

Аңдатпа

Қазіргі уақытта жоғары спорттық нәтижелерге оқу үрдісі ғылыми негізде жүргізілген кезде ғана қол жеткізуге болады. Спортшылардың жарыстарға жоғары дайындығынсыз, қабілетінсіз спортта жоғары жетістіктерге, рекордтарға қол жеткізуі мүмкін емес. Кез келген басқа спорт түрлеріндегідей, байдаркада және каноэде спорттық жоғары нәтиже көрсету үшін ескекшілердің алдын ала дайындығы үлкен рөл атқарады. Есу спортын зерттеушілер білікті ескекшілерді дайындау барысында, атап айтқанда байдарка мен каноэ ескекшілерін даярлауға жеткілікті көңіл бөлмейді, көңіл бөлінген жағдайда психологиялық тұрғыдан әсер ету әдісін ғана қолданады. Алайда барлық спортшылар психологиялық әсердің ықпалына ұшырамайды. Осыған байланысты авторлар зерттеу мақсатын анықтады: каноэде және байдаркада білікті ескекшілерді даярлауда дайындықты оңтайландыру үшін арнайы физикалық жаттығулардың оң әсерін негіздеп жетілдіру керек. Осылайша, мақалада табиғи педагогикалық тәжірибеде апробацияланған арнайы дене
шынықтыру жаттығуларын қолданудың ғылыми негіздемесі және олардың каноэде, байдаркада білікті ескекшілердің спорттық жұмысына тигізетін оң әсері берілген.

Түйін сөздер: оңтайландыру, жарыс алдындағы күйі, арнайы дене шынықтыру жаттығулары, байдарка және каноэ бойынша білікті ескекшілер.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-09-09

Журналдың саны

Бөлім

Методика преподавания дисциплин

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары