ЖОО Н.Чернованың «Дала Вавилоны» кітабіндағы поэтикалық контексті талдаудың әдістемеләк тәсілдері

Авторлар

  • G Ainabekova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/JES.2019.v59.i2.016

Аңдатпа

Мақалада қазақстандық орыс ақыны Н. Чернованың “Степной Вавилон” прозасындағы поэтикалық элементтерді талдаудың методикалық әдістері қарастырылады. Үйрете отырып талдау барысында филолог-студенттерде кітаптың жанрлық құрылымының ерекшелігі жайында түсінік қалыптасып, оның поэтикалық белгілері анықталады. Эпикалық және поэзиялық контекстің бірлігін ескере отырып, Надежда Чернова кітабын талдау, студенттердің талдамалық дағдыларын жетілдіреді, автордың «Степной Вавилон» прозасы стилінің ерекшеліктерін түсінуге, жұмыстың жанрлық құрылымы туралы нақты түсінік алуға көмектеседі. Надежда Чернова жұмысының көркемдік әлемін талдау студенттерге автордың көңіл-күйі мен сезімдерін сезінуге, әр түрлі көркем техника мен құралдардың көмегімен, оның ішінде поэзияда қолданылатын рухани өмірдің байлығын түсінуге мүмкіндік береді. Дұрыс таңдап алынған әдіснамалық эвристикалық әдістерді қолдану арқылы студенттер «Степной Вавилон» кітабының жанрлық мазмұнын дұрыс қабылдауға және түсінуге қол жеткізе алады, ол осы жұмысты тереңірек түсіну үшін қажет. Эвристикалық талдау негізінде Надежда Чернованың прозаcы поэтикасын және семантикалық кеңістігін зерделеу студенттердің әрі қарай әдеби дамуына, олардың аналитикалық дағдыларын жақсартуға ықпал етеді. Эвристикалық талдау негізінде Надежда Чернованың проза кітабының поэтикасын және семантикалық кеңістігін зерделеу студенттердің әрі қарай әдеби дамуына, олардың аналитикалық дағдыларын жақсартуға ықпал етеді. Түйін сөздер: эвристикалық жағдай, эвристикалық әңгіме, әдістемелік тәсілдер, ойлау, мотивация, сюжет, жанрлық құрылым, поэтикалық бастама, поэтикалық контекст, Надежда Чернова, «Степной Вавилон».

Жүктеулер

Жарияланды

2019-09-09

Журналдың саны

Бөлім

Методика преподавания дисциплин

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары