Қазақстан және Түркия студенттерінің құндылықтық бағдарларын салыстырмалы зерттеу
##doi.readerDisplayName##:
10.26577/JES.2019.v60.i3.04Аңдатпа
Берілген мақалада Қазақстан және Түркия мемлекеттері студенттерінің құндылықтық бағдарын салыстыру мақсатында зерттеу жүргізілді. Зерттеу базасы ретінде Эрзинджан Бинали Йылдырым университеті педагогика факультетінің әртүрлі мамандықтарында оқитын 314 студент және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультетінде оқитын 340 студент іріктеліп алынды. Зерттеу барысында мәліметтер жинау құралы ретінде Шварцтың құндылықтар шкаласы және жеке ақпарат формасы, ал тәуелсіз топтарға мәліметтерді өңдеу кезінде t-тест қолданылды. Кезек бойынша шкалада көрсетілген 10 құндылық параметрлері салыстырылды. Нәтижесінде, екі ел арасындағы айырмашылық пен ұқсастықтар анықталды. Түркияда құндылықтар қайырымдылық, қауіпсіздік, өзін-өзі бақылау, дәстүрлер, табыстылық, билік, үйлесімділік, гедонизмге негізделсе, сәйкесінше, Қазақстанда қайырымдылық, әмбебаптылық, өзін-өзі бақылау, дәстүрлер, табыстылық, билік, үйлесімділік және гедонизм құндылықтар нәтижесі болып саналады.
Түйін сөздер: құндылықтар, құндылық бағдарлары, университет студенттері, қазақстандық студенттер, түрік студенттері.








