ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
##doi.readerDisplayName##:
10.26577/JES.2020.v62.i1.01Аңдатпа
Мақалада әл-Фарабидің философиялық-педагогикалық және әлеуметтік-этикалық мұрасындағы рухани-адамгершілік ізгіліктік құндылықтар жүйесі ашып көрсетілген. Ғалымның рухани-адамгершілік мәселелері бойынша идеялары жүйеленген. Бұл идеялар «қайырымды қала», «интеллектуалдық қайырымдылық», «этникалық қайырымдылық», «әдіснама», «дидактика», «психология», «тәрбие», «әдістеме», «үйрету», «ақыл», «парасат», «бақыт» сияқты негізгі ұғымдармен сипатталған. Әл-Фарабидің педагогикалық мұрасы заманауи ғылым философиясы тұрғысынан зерделенді. Әл-Фараби дидактикасы «оқыту мақсаты», «дидактиканың негізгі тұжырымдамалары», «оқыту ұстанымдары» және «мұғалім сапасы» сияқты ұғымдарды қамтиды. Әл-Фарабидің тәрбие теориясы: мақсат, заңдар, тәрбие ұстанымдары, мазмұн-тәрбие әдістері, құралдар, тәрбие нәтижесі категорияларынан тұрады. Тәрбие теориясында этикалық ұғымдарға көп мән беріледі. Автор әл-Фарабидің «бақыт» және «қайырымдылық» ұғымдарының тұғырларын қарастырады. Отбасы тәрбиесінің: ер адам мен әйел адамның рөлдері, қожайын мен жалшының қарымқатынасы, ата-аналар мен бала қарым-қатынасы, мүлікке қатынас және еңбек тәрбиесі бағыттары жеке жүйеленген. Автор логикалық байланыстарды: білім беру деңгейлерінің /орны/локациясы, «мемлекет – қала – отбасы», білім берушілер – «билеуші – отағасы – отбасы мүшелері – тәлімгерлер», білім беру жолдары – «оқыту – оқу, тәрбиелеу – философияны оқу-ғылыммен айналысу» және т.б. әл-Фарабидің педагогикалық теорияларының тізбегі ретінде жүйелейді. Қорытындыда автор әл-Фарабидің педагогикасы бойынша педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының ғылыми мектебінде жүргізілген зерттеулердің бағыттарын жинақтайды. Түйін сөздер: ренессанс, педагогика, әдіснама, тұжырымдама, дүниеге көзқарас, зерттеуші, дидактика, оқыту, үйрету, тәрбиелеу, ақыл, бақыт, пайым, парасат, мұғалім, каллиграфия, музыка, психология, қайырымдылық, мұра.








