Автономия кезінде Нахчывандағы мектеп және педагогикалық оқытудың бағыттары

Авторлар

##doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.26577/JES.2020.v63.i2.03

Аңдатпа

Мақалада 19-20 ғасырларда Нахчывандағы мектептер мен педагогикалық ойлардың
дамуы қарастырылады. ХIХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы Нахчыванның
мәдени дамуына шаруашылықты жүргізудің капиталистік жүйесі айтарлықтай әсер етті.
Тарихи өткенді шолу қазіргі Әзірбайжанның құрамдас бөлігі болып табылатын Нахчыванда
ХIХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында білім беруге, ағарту жүйесін дамытуға баса
назар аударылғанын дәйектейді. Тарихи шолу Нахчыванның дербестік алуына дейінгі кезден
бастап, қалалық жаңа типті мектептер мен білім беру мекемелерінің құрыла бастағандығын
көрсетеді. ХХ ғасырдың басында ағарту жүйесі мен ғылымның дамуы өркендей түсті. Осы
кезеңде Нахчыван білім беру жүйесінің тармақталған желісі құрылып, балалар білім беру
жүйесіне тартылды. Білім беру саласында педагогикалық жаңа бағыттар мен жаңа тұрғылар
пайда болып, ұлттық зиялы қауым педагогикалық және ағарту идеяларын дамытуға орасан
зор үлес қосты. Мақалада жаңа мектептердің ашылуына үлес қосқан ұлттық зиялы қауымның
есімдері аталады. Ұлттық зиялы қауымның өкілдері озық зиялылар ретінде ұлттық бірлік
пен ұлттық өзіндік сананың қалыптасуына, ұлттық мектептердің дамуына, әйелдерді білім
жүйесіне тартуға ықпал етті. Араб алфавитін үйрету және ана тілінің негізінде Әзірбайжан
оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдарын құрастыру – уақыттың ерекше белгісі еді.
Мақалада Горийск және Ереван мұғалімдер семинариясының мұғалімдерді даярлаудағы
үлесіне айрықша назар аударылады.
Түйін сөздер: дербестік, Нахчыван, мектеп, педагогикалық ойлар, білім беру.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-07-24

Журналдың саны

Бөлім

История. Методология современного образования..