Кәсіби дайындықтың магистрлік кезеңінде пәрменді құрамын талдау негізінде тыңдаудың құзыретін өзін-өзі бағалау
##doi.readerDisplayName##:
10.26577/JES.2020.v63.i2.04Аңдатпа
“Магистратура” жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру стандарты болашақ мамандардың
коммуникативтік құзыреттеріне жоғары талаптар қояды, бұл өз кезегінде магистранттарды
тыңдау дағдыларын дамытуға назар аударуды талап етеді. Сонымен қатар магистратура
оқытушылары мен магистранттар тыңдаудың сапасын мониторингілеу әдістерімен жеткіліксіз
қамтамасыз етілген.
Зерттеу мақсаты: тыңдау қызметінің пәрменді құрамын көрсететін тыңдаудың құзыреттілігін
бағалау үшін сауалнама әзірлеу.
Негізгі идея сарапшылардың сипатталған тыңдау қызметінің модельдерінің жүйесін зерттеуге
және диагностикаланатын құзыреттіліктің пәрменді құрамын талдауға негізделген диагностика
құралын әзірлеу болып табылады.
Жұмыстың ғылыми маңыздылығы тыңдау қызметінің нұсқаларын жүйелеу және авторлық
жіктеу болып табылады. Практикалық маңыздылығы – базалық құзыреттіліктердің бірі сапаны
өзін-өзі бағалаудың жаңа құралын құруда.
Зерттеу барысында теориялық талдау және синтездеу әдістері, эмпирикалық бақылау
әдістері, әңгімелесу, сұрау әдістері қолданылды.
Зерттеу тыңдау қызметінің моделін жүйелендіруге және жіктеуге мүмкіндік берді; тыңдау
нұсқаларының пәрменді құрамын көрсететін сауалнамаларды қолдана отырып, өзін-өзі бағалау
сапасын жақсартуға болатынын көрсетті; әзірленген әдістеменің тиімділігін анықтауға мүмкіндік
берді.
Зерттеу жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру дидактикасының дамуына үлесін қосады
және болашақта одан әрі дамытуға болады.
Түйін сөздер: магистратурада тыңдаудың өзін-өзі бағалау құзыреті.








