Бастауыш сынып оқушыларының шетел тілді коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру мәселесіне
##doi.readerDisplayName##:
10.26577/JES.2020.v63.i2.05Аңдатпа
Мақала бастауыш сынып балаларының шетел тілінің коммуникативтік құзіреттілігін
қалыптастыруға арналған. Қазіргі кезеңнің шетел тілін оқытудың мақсаты – оқушылардың
коммуникативті құзіреттілігіне жету, яғни оқушылар шетел тілін меңгеруге және шетел тілінің
ана тілдерімен өзара түсінісуге қабілеттілігі мен нақты дайындығы. Бастауыш мектеп жасында
шетел тілінің коммуникативті құзіреттілігін қалыптастырудың орындылығы біздің елімізде
де, шетелде де жүргізілген көптеген зерттеулермен расталады. Шетел тілі әлемнің бейнесін
түсіну, басқа халықтар құрған құндылықтармен танысу құралы ретінде қарастырылуы керек.
Мақалада коммуникативтік құзіреттіліктің компоненттері, сонымен қатар оны шет тілі сабағында
қалыптастыру әдістері мен технологиялары қарастырылған. Бастауыш мектептің 4 сыныбының
75 оқушысы қатысқан тәжірибелік-педагогикалық зерттеу жүргізілді. Оқушылардың
коммуникативтілігі және белсенді оқытуды пайдалану әдістемесі қолданылды. Тұрақтандыру
кезеңінде оқушылардың 60% коммуникативті белсенді, ал 40% – коммуникативті енжар
екендіктері анықталды. Сабақтар оқушылардың жекедаралық ерекшеліктерін есепке ала отырып,
жаңартылған әдістеме бойынша өткізілді.
Түйін сөздер: бастауыш мектеп оқушылары, шет тілін меңгеру, шетел тілі, коммуникативті
құзіреттілік.








