«Электр және магнетизм» пәнін оқытуда «педагогикалық сурет салудың» дидактикалық мүмкіндіктері»
##doi.readerDisplayName##:
10.26577/JES.2020.v63.i2.15Аңдатпа
Мақалада студенттерге «Электр және магнетизм» міндетті пәнін оқыту барысында
«педагогикалық сурет салуды» қолданудың дидактикалық мүмкіндіктері қарастырылады.
Физика тілін түсіну мен ойлау байланысы қозғалады. Авторлар оқу пәнін оқыту әдістемесінде
«педагогикалық сурет» түсінігін, дидактикалық бағыт түсінігін, «графикалық конспект» түсінігін
талдайды.
Мақаланың мақсаты – «Электр және магнетизм» пәні бойынша теориялық білімді бейнеге
айналдыруда «педагогикалық сурет салуды» қолданудың мәнділігін көрсету; студенттерге көрнекі-
бейнелік ойлау дағдыларын және физикалық терминдер мен арнайы белгілеулерді қолдану.
Мақалада «Электр және магнетизм» пәнін оқытудағы «педагогикалық сурет салудың»
дидактикалық бағытын анықтаудың әдістемелік тәсілін әзірлеу әрекеті жасалған.
«Педагогикалық сурет салудың» дидактикалық бағытының әдістемелік қабылдауы келесі
қадамдарды қамтиды: педагогпен сабаққа дайындық кезінде – «педагогикалық сурет салудың»
дидактикалық мүмкіндіктерін анықтау, сабақты өткізу кезінде – студенттермен «педагогикалық
сурет салудың» әлеуетін түсіну және талқылау. Физикалық суреттің мағынасын түсіндіру арқылы
студенттерде көрнекі-бейнелік ойлау мен ғылыми тіл дағдылары қалыптасады, физика тілін түсіну
– болашақ маманның жеке тұлғалық сипаттамаларының мәнді құраушысы болып табылады.
Мақалада «Электр және магнетизм» пәнінен «педагогикалық сурет салу» бойынша қарапайым
тапсырмалар көрсетілген.
Әдістемелік зерттеу шеңберінде әдістемелік тәсілдерді талқылаудан өткізу үшін студенттерге
сауалнама жүргізілді. Студенттер пәнді оқуда «педагогикалық сурет салуды» пайдаланудың
қажеттілігін және бұл мәселеде физикалық суреттің рөлін жақсы түсінеді.
Түйін сөздер: «педагогикалық сурет», «графикалық конспект», құзыреттілік, көрнекі-бейнелі
ойлау, оқу үдерісі, физика тілі, физиканың әлеуеті.








