Application of CLIL technology in teaching science subjects in general education schools of Kazakhstan: a survey of teachers

Авторлар

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/JES.2020.v63.i2.16

Аңдатпа

Бүгінгі таңда әлемде жеті мыңнан астам түрлі тілдер бар. Халықаралық ортада, бизнес,
ғылым және қызметтің басқа салаларында ағылшын тілі қарым-қатынастың негізгі тілі болып табылады. Дүниежүзілік жаһандану дәуірінде Қазақстан жалпы білім беретін мектептерде
үштілділік жүйесіне көшу үшін білім беру жүйесін модернизациялау бағдарламасын белсенді
жүзеге асыруда. Қазіргі уақытта CLIL оқыту технологиясы қосымша тілді үйренудің жаңа
оқу бағдарламасы ретінде бүкіл әлемде танымал болуда. Зерттеулерге сәйкес, сыныпта CLIL
технологиясын қолдану сыныптың оқу ортасын жақсартады, оқу уақытын қысқартады,
сонымен қатар оқыту тұжырымдамасын кеңірек және терең етеді. Барлық артықшылықтарына
қарамастан, CLIL кейбір жағынан қиын болуы мүмкін. Осы тақырыптың күрделілігін ескере
отырып, Қазақстанда CLIL оқыту технологиясын енгізу қаншалықты тиімді жүзеге асырылып
жатқандығы туралы түсінік болуы маңызды. Бұл мақалада Қазақстандағы орта мектептерде CLIL
технологиясын енгізу тәжірибесі туралы 127 мұғалімнің сауалнамасының нәтижелері келтірілген.
Сауалнама әлеуметтік нысандарда Google Forms платформасы негізінде Whatsapp және Telegram
қосымшалары арқылы жүргізілді.
Түйін сөздер: CLIL технологиясы, білім беру, үштілділік, модернизация.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-07-25

Журналдың саны

Бөлім

Методика преподавания дисциплин