Инклюзивті білім беруде АКТ-і: халықаралық тәжірибе

Авторлар

  • A Oralbekova Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
  • M Suleimen Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/JES.2020.v64.i3.07

Аңдатпа

Инклюзивті білім беру, білім – адамның негізгі құқығы және ол әділетті қоғамның негізі болып табылады деген сенімнен туындайды. Инклюзивті білім беру – тұлғаның арнайы білім беру қажеттіліктері, жеке мүмкіндіктері мен қаблеттерін ескере отырып, барлық студенттердің білім алуына тең дәрежеде бірдей қол жеткізуін қамтамасыз ету. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арнайы білім беру жүйесіне қатысуға кедергі келтіретін функционалды шектеулерден туындаған ерекше талаптарға сәйкес қоғамда өмір сүруге мүмкіндік беретін негізгі фундаментальды білімге ие болуы керек. АКТ – инклюзивті білім берудің мықты қосымша құралы. Бүгінгі таңда АКТ оқу мен тәрбие процесінің маңызды элементіне айналды. Барлық балаларға бірдей тең АКТ құралдарымен білім беру бағдарламасын құру қажет. Бұл мақалада инклюзивті білім беруде АКТ-ны әртүрлі қолдану мүмкіндіктерін зерттеу мақсатында инклюзивті білім беру жүйесінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін білім беруде АКТ-ны қолдану қарастырылады. Мақалада инклюзивті білім беруде, БҰҰ Конвенциясының аясында қабылданған кілттік идеяға негізделе отырып туындаған негізгі төрт тақырыптық салада АКТ-ның тиімді қолданылатыны көрсетілді. Онға жуық мемлекеттің озық тәжірибелері қарастырылды. Түйін сөздер: инклюзивті білім беру, ақпараттық-кoммуникациялық технoлoгиялар, педагoгтарды даярлау, халықаралық тәжірибе.

Жарияланды

2020-11-21

Журналдың саны

Бөлім

Инклюзивное образование

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары