Колледж студенттерінің мәдениетаралық құзыреттілігін қалыптастыру теориясы мен тәжірибесі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES87220261

Аңдатпа

Мақалада қазіргі қоғамның көпмәдениетті ортада тиімді өзара әрекет жасай алатын мамандарға деген қажеттілігінің артуы мәселесі қарастырылды. Білім беру жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі ретінде мәдениетаралық құзыреттілікті қалыптастырудың маңызы жан-жақты анықталды. Зерттеудің мақсаты – колледж студенттерінің мәдениетаралық құзыреттілігін дамытудың теориялық және практикалық негізін айқындау. «Мәдениетаралық құзыреттілік» ұғымының пәнаралық сипаты ескеріле отырып, отандық және шетелдік зерттеушілердің еңбектеріне шолу жасап айқындалды. Педагогика ғылымында бұл бағытта бірқатар зерттеулер жүргізілгенімен, колледж студенттері арасында мәдениетаралық құзыреттілікті қалыптастыру мәселесі жеткілікті деңгейде зерттелмегені байқалды. Әртүрлі мәдени дәстүр өкілдерінің өзара әрекетіне кедергі келтіретін негізгі факторлардың бірі – болашақ мамандардың кәсіби қызмет салаларындағы мәдениетаралық құзыреттілік деңгейінің төмендігі. Авторлар «құзыреттілік» және «мәдениетаралық құзыреттілік» ұғымдарының мәнін ашып,олардың құрылымы мен негізгі компоненттеріне сипаттама берді. Зерттеу әдістері ретінде ғылыми әдебиеттерді зерделеу және студенттердің мәдениетаралық құзыреттілік деңгейін диагностикалау әдістері алынды. Экспериментке Астана қаласының «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінен» 90 студент қатысты. Колледж студенттерінің мәдениетаралық құзыреттілік компоненттерін бағалауға арналған көрсеткіштер мен өлшемдер айқындалды. Мақаланың қорытындысында колледж студенттерінің мәдениетаралық құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған эксперименттік жұмыстың нәтижелері ұсынылды. Қорытынды жасалып, аталған үдерістің тиімділігін арттыруға бағытталған әдістемелік ұсыныстар берілді.

Түйін сөздер: құзыреттілік, мәдени құзыреттілік, мәдениетаралық құзыреттілік, колледж студенттері.

Автор өмірбаяндары

  • М. Тұрсынбайқызы, Еуразия ұлттық университеті

    Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің докторанты (Астана, Қазақстан, е-mail: mereytursyn888@gmail.com) 

  • Қ. Әтемова, Еуразия ұлттық университеті

    педагогика ғылымдарының кандидаты., доцент, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана, Қазақстан, е-mail: kalipa_atemova@mail.ru) 

  • М. Мырзағұлова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы (Алматы, Қазақстан, е-mail: miraulan70@gmail.com) 

  • М. Байбекова, Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті

    психология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған доцент, Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті (Шымкент, Қазақстан, е-mail: kabdan.94@mail.ru) 

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-20

Журналдың саны

Бөлім

Психолого-педагогические проблемы профессиональной подготовки специалистов.