Болашақ әлеуметтік жұмыс мамандарының кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудағы цифрлық сауаттылығының қазіргі жағдайы
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES88320263Аңдатпа
Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес, адамзаттың даму үдерісінде 4.0 индустриясы, цифрлық дәуірде жасанды интеллект саласындағы жетістіктер және көп салалы технологиялардың қарқынды дамуы, оның пән аралық процестерімен тығыз байланыстылығы, қоғамда көптеген мүмкіндіктер ашады және елдер мен әр түрлі секторларға, соның ішінде жоғары білім саласына маңызды міндеттер қояды. Әлеуметтік жұмыс болашақ мамандарының, қоғамдағы технологиялық өзгерістерге сай ақпараттық технологиялық, коммуникациялық және медиасауаттылық цифрлық құзыреттерін, дағдысын қалыптастырудағы қазіргі мәселелері және әр түрлі қызмет көрсету сферасының онлайн жүйесінің дамуымен қатар, әлеуметтік топтар арасында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін , болашақ мамандардың цифрлық сауаттылығын дамыту мәселесі өзінің маңыздылығын көрсетіп отыр. Мақаланың мақсаты-ЖОО-да болашақ әлеуметтік жұмыс бакалавр мамандарының кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудағы цифрлық сауаттылығының қазіргі жағдайын зерттеу, цифрлық құзыреттілік деңгейін анықтау , дамыту бағыттарын ұсыну.Әдістер мен деректер: цифрлық құзыреттілікті қалыптастыру бойынша ғылыми әдебиеттерді жүйелі шолу негізінде индукция, дедукция, синтез,талдаудың жалпы теориялық әдістері қолданылды, сондай-ақ университеттің әлеуметтік жұмыс болашақ бакалавриат мамандарының цифрлық сауаттылық деңгейіне эмпирикалық зерттеу жүргізілді. Зерттеуге әл-Фараби ҚазҰУ бакалавриатының 43 студенті қатысты. Сауалнама және тестілеу деректері SPSS-26 бағдарламасында өңделді.Нәтижелер: Крускал-Уоллис критерийіне сәйкес, тәуелсіз айнымалылар үшін медиа сауаттылық пен коммуникативтік сауаттылықтың жоғары деңгейіне қарамастан, электрондық кестелер мен бағдарламаларды қоса алғанда, ақпараттық технологиялармен жұмыс істеу дағдыларының төмен деңгейі көрсетілген (α=0,040<0,05 маңыздылық деңгейінде расталған). Қалыптасқан дағдылар бойынша деңгейлік ерекшеліктер, сондай-ақ білім алушылардың курстары бойынша негізгі проблемалар айқындалды, әдістемелік ұсынымдар берілді.
Түйін сөздер: цифрлық құзыреттілік, медиа, компьютерлік, коммуникативтік сауаттылық.








