Особенности организации элективного курса по нестандартным задачам для учащихся 5 - 6 классов

Авторы

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2022.v73.i4.13
        198 303

Аннотация

Қазіргі таңда элективті курстардың мектеп бағдарламасына енуі өзекті тақырыптардың бірі болып тұр. Оқушылардың шығармашылыққа тәрбиелеу, логикалық ойлауын дамыту, шыңдалуына белгілі бір дәрежеде үлес қосу  айтарлықтай  нәтижеге алып келері сөзсіз.

Бұл мақалада орта мектептегі 5 - 6 сыныптар үшін стандартты емес есептерді шешу бойынша элективті  курс бағдарламасы жайында айтылады. Кіріспеде логикалық  есеп жайында біраз мәлімет берілген. Сонымен бірге стандартты емес есептің анықтамасы беріліп өткен. Элективті курс туралы мәлімет айтылған. Оған қоса элективті курсты ұйымдастырудың жолдары қарастырылған. Осы элективті курсты ұйымдастыру мақсатында жиырма шақты тақырып таңдалып алынған. Аталған тақырыптар сағат санына байланысты тізімде көрсетілген.  Алынған тақырыптардың логикалық реттілігі жайында сөз қозғалған. Оның орта мектептің күнтізбелік жоспарын негізге ала отырып, өткен тақырыптар бойынша салыстыра келе логикалық реттілікпен жасалынғаны жайлы айтылады.

Атап айтқанда, алгебралық және геометриялық есептердің кезекпен орналасуына да мән берілген.  Таңдап алынған тақырыптың мән-мағынасын ашу мақсатында  әр тақырыпқа есептер қарастырылған. Есептердің шығарылу жолдары көрсетілген. Қорытынды бөлімінде оқушылардың осы тақырыптар бойынша есептер топтамасын шығаруға машықтандыру жөнінде сөз қозғалған. Болашақта элективті курс бойынша нақты әдістемелік құрал шығару жоспарлануда.

Түйін сөздер: стандартты емес есептер, элективті курс, логика, орта мектеп, әдістемелік құрал, есептер жинағы.

Загрузки

Как цитировать

Rakhmet, S., Kasenov, S., Kaldan, S., & Anuar, A. (2022). Особенности организации элективного курса по нестандартным задачам для учащихся 5 - 6 классов. Вестник КазНУ. Серия педагогическая, 73(4), 142–150. https://doi.org/10.26577/JES.2022.v73.i4.13

Выпуск

Раздел

Методика преподавания дисциплин