Жасанды интеллект технологиялары негізінде болашақ география пәні мұғалімдерінің сандық сауаттылығын арттыру
##doi.readerDisplayName##:
10.26577/JES87220266Аңдатпа
Қазіргі жаһандану дәуірінде білім беру жүйесінің қарқынды цифрлануы мұғалімдердің кәсіби даярлығына жаңа талаптар қоюда. Әсіресе география пәні сияқты кеңістіктік және аналитикалық ойлауды қажет ететін ғылым саласында болашақ мамандардың цифрлық құзыреттерін дамыту өзекті мәселе болып отыр. Осы тұрғыда жасанды интеллект (ЖИ) технологиялары білім берудің сапасын арттырудың және оқыту үдерісін жаңғыртудың тиімді құралы ретінде қарастырылады.Зерттеудің мақсаты – болашақ география пәні мұғалімдерінің сандық сауаттылығын жасанды интеллект технологиялары негізінде арттырудың теориялық және практикалық негіздерін айқындау, сондай-ақ оны оқу-тәрбие процесіне енгізудің тиімді әдістемелік тәсілдерін ұсыну.Зерттеу аясында әдеби шолу, салыстырмалы талдау, жүйелік және құрылымдық талдау әдістері қолданылды. Бұл әдістер ЖИ негізіндегі білім беру платформаларының, геоақпараттық жүйелердің (ГАЖ) және виртуалды модельдеудің мүмкіндіктерін кешенді бағалауға мүмкіндік берді.Зерттеу нәтижесінде жасанды интеллектті географияны оқытуға енгізудің негізгі бағыттары мен механизмдері анықталды. Атап айтқанда, дербестендірілген оқыту платформаларының, адаптивті тестілеу жүйелерінің және интерактивті геовизуализация құралдарының тиімділігі дәлелденді. Сонымен қатар педагогикалық практикада ЖИ қолданудың қиындықтары мен шектеулері айқындалып, оларды еңсеру жолдары ұсынылды.Жүргізілген зерттеудің ғылыми құндылығы – географиялық білім беруді цифрландыру контекстінде жасанды интеллект технологияларын пайдаланудың жаңа үлгісін ұсынуда. Ал практикалық маңызы – алынған нәтижелерді жоғары оқу орындарындағы педагогикалық пәндерге, соның ішінде «Географияны оқыту әдістемесі», «Білім берудегі цифрлық технологиялар» пәндерінің мазмұнына енгізу арқылы болашақ мұғалімдердің цифрлық сауаттылығын жүйелі түрде дамытуға мүмкіндік береді.
Түйін сөздер: сандық құзыреттілік, жасанды интеллект, география пәні, педагогикалық технологиялар, инновациялық тәсілдер.








