Биологияны оқытуда экологиялық құндылықтарды қалыптастыруды модельдеу

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES883202614

Аңдатпа

Ұсынылып отырған мақалада жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесіндегі экологиялық құндылықтардың орны айқындалып, оларды биологияны оқыту үдерісінде қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік моделі негізделеді. Зерттеудің мақсаты – білім алушылардың экологиялық құндылықтар жүйесін қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу, оны жүзеге асырудың әдістемесін әзірлеу және педагогикалық эксперимент арқылы тиімділігін дәлелдеу. Зерттеу барысында философиялық, педагогикалық және психологиялық әдебиеттерге талдау жасау, сауалнама, бақылау, педагогикалық эксперимент, салыстырмалы талдау әдістері қолданылды.Мақалада «экологиялық құндылық», «экологиялық мәдениет», «экологиялық тәрбие», «экологиялық білім» ұғымдарының өзара байланысы мен айырмашылықтары ашылып, олардың биология курсының мазмұнында іске асу ерекшеліктері көрсетіледі. Ұсынылған модель мақсаттық, мотивациялық, мазмұндық, жобалау-ұйымдастыру, іс-әрекеттік және бағалау-нәтижелік компоненттерден тұрады. Эксперименттік зерттеу нәтижелері мектеп оқушыларының экологиялық білім деңгейі жеткілікті болғанымен, экологиялық құндылықтарды түсіну мен таңдау деңгейі төмен екенін көрсетті. Қалыптастырушы эксперимент барысында қолданылған жағдаяттық тапсырмалар, рөлдік ойындар мен жобалық жұмыстар оқушылардың экологиялық құндылықтарын саналы түрде қабылдауына оң ықпал етті.Зерттеу нәтижелері ұсынылған әдістеменің биологияны оқыту үдерісінде экологиялық құндылықтарды қалыптастырудың тиімді құралы екенін дәлелдейді және оны жалпы білім беретін мектеп тәжірибесіне енгізуге болатынын көрсетеді.

Түйін сөздер: құндылық, экологиялық құндылықтар жүйесі, модель,  экологиялық құндылық,  экологиялық мәдениет,  экологиялық тәрбие, экологиялық білім.

Автор өмірбаяндары

  • А. Кырбасов, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университеті

    Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, докторант (Қазақстан, Алматы, e - mail: Akzhan.Kyrbassov@kaznu.edu.kz).

  • К. Жумагулова, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университеті

    педагогика ғылымдарының кандидаты, биология кафедрасының профессоры, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы, Казахстан, e - mail:  darmik1996@mail.ru).

  • Н. Амиргалина, Қазақстан-Ресей Медициналық Университеті

    педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан-Ресей Медициналық Университетінің аға оқытушысы (Алматы, Казахстан, e - mail:nagima.amirg@gmail.com)

Жарияланды

2026-09-20

Журналдың саны

Бөлім

Пәндерді оқыту әдіснамасы

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары