Желілік қоғамның әлеуметтік-динамикалық жағдайында болашақ педагог-психологтардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру моделі
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES88320262Аңдатпа
Қазіргі кезеңде білім беру жүйесін цифрландыру жаһандық даму үдерістерінің маңызды мегатенденцияларының бірі ретінде сипатталады. Осыған байланысты қоғамның желілік сипатта дамуының өзектілігі артып келеді. Желілік коммуникация әлеуметтік институттардың өзгеруіне, сондай-ақ әлеуметтік өзара қатынастардың жаңа формаларының қалыптасуына ықпал ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады. Мұндай орта ынтымақтастықтың, өзара әрекеттесудің және өзін-өзі ұйымдастырудың жаңа мүмкіндіктерін қалыптастырып, желілік қоғамның әлеуетін тиімді пайдалануға жағдай жасайды. Сонымен қатар, ақпараттың жедел таралуы, коммуникациялық байланыстардың икемділігі және виртуалды әлеуметтік кеңістіктің кеңеюі әлеуметтік бәсекелестіктің және теңсіздіктің жаңа формаларының пайда болуына, сондай-ақ жеке тұлғалар мен әлеуметтік топтар арасындағы қарым-қатынас мазмұны мен сипатының өзгеруіне әсер етуде.Мақалада желілік қоғамның әлеуметтік-динамикалық жағдайында болашақ педагог-психологтардың коммуникативтік дағдыларын дамыту мәселесі қарастырылады. Зерттеу барысында болашақ педагог-психологтардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастырудың теориялық негіздері айқындалып, желілік ортада нәтижелі қарым-қатынас пен өзара әрекеттесуді қамтамасыз ететін негізгі компоненттер жүйеленді. Зерттеудің негізгі мақсаты – желілік қоғамның әлеуметтік-динамикалық жағдайларына бейімделген болашақ педагог-психологтардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру моделін теориялық тұрғыдан әзірлеу және оның тиімділігін жоғары оқу орны жағдайында тәжірибелік апробациядан өткізу.Зерттеу аясында желілік қоғам жағдайында болашақ педагог-психологтардың коммуникативтік дағдыларының құрылымдық компоненттері, оларды бағалауға мүмкіндік беретін критерийлер мен көрсеткіштер қарастырылды. Ұсынылған модельдің тиімділігін анықтау үшін студенттердің тиісті коммуникативтік сипаттамаларының қалыптасу деңгейін бағалауға бағытталған эмпирикалық зерттеу жүргізілді. Тәжірибелік-эксперименттік жұмысқа М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 152 студент қатысты.
Түйін сөздер: желілік қоғам, желі, коммуникация, дағды, коммуникативтік дағды, құзыреттілік, коммуникативтік құзыреттілік, әлеуметтік құрылым, әлеуметтік-динамикалық жағдай, модель.








