Цифрлық ортада информатика мұғалімдерінің оқыту әдістеріне vibe coding пен жасанды интеллектіні интеграциялау

Авторлар

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/JES87220267

Аңдатпа

Қазақстандағы білім беру жүйесіндегі талаптардың артуының себебінен жаңа пәндер мен оқу құралдары пайда болды. Сондай құралдардың бірі – Vibe code жасанды интеллект. Бұл зерттеу жұмысында осы құралдарды жоғары білім беру жүйесіне енгізу жолдары қарастырылады. Зерттеуге Ақпараттық технологиялар және информатика пәні мұғалімдігінің студенттері қатысты. Олардың жас ерекшеліктерін ескеріп, студенттердің білім алу процесіндегі қиындықтарды талдап шықтық. Нәтижесінде Vibe code пайдалану арқылы, білім алушылардың оқуға деген мотивциясының артқанын байқауға болады. Бақылау топтарындағы дәстүрлі форматтағы оқытудың келесідей кемшіліктерін анықтадым. Оларға: оқу тапсырмаларын орындауға көп уақыт жұмсалатыны, яғни менің ойымша студенттерге тапсырма беру кезінде олардың уақыт менеджментіне сай жұмыс жасай алмайтынын байқадым. Яғни тапсырманы орындау үшін Vibe code қолдану арқылы студенттер өз уақытын үнемдеп, тиімді басқара алады екен. Сол себепті бұл әдістің артықшылығы көп студенттерге ыңғайлы екенін студенттердің өздері атап өтті. Vibe code бұл бағдарламалау жолдарының жаңа әдісі. Бұл әдісті жоғары оқу орындарында қолданудың практикалық нұсқаулығы осы мақалада көрсетілген. Тәжірибеге Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 120 студенті қатысты. Бұл құрал болашақ студенттердің уақыт жоспарлауына, бағдарламалау әдістерін тез меңгеруге, қиын тапсырмаларды бөлікке бөліп орындауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге Vibe code арқылы студенттер Жасанды интеллектінің көру элементтерін интеграциялау арқылы, үлкен жобалық проектілер орындауға мүмкіндік беретін таптырмас құрал. Аталған құралды жоғары білім беруде қолдану нұсқаулығы мен жолдары мақалада көрсетілді. Олардың дәстүрлі оқыту форматынан ерекшеліктерін атап өту, бұл құралдардың білім беру сапасын жоғарлататынын байқатады.

Түйін сөздер: жоғары білім, информатика мұғалімдері, инновациялық оқыту технологиялары, жасанды интеллект, vibe code. 

Автор өмірбаяндары

  • М. Серік, L. N. Gumilyov Eurasian National University

    PhD, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Компьютерлік ғылымдар кафедрасы (Астана, Қазақстан, e-mail: serik_meruerts@mail.ru) 

  • А. Тұрдыбек, L. N. Gumilyov Eurasian National University

    PhD докторанты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Компьютерлік ғылымдар кафедрасы (Астана, Қазақстан, e-mail: atturdybek@gmail.com) 

  • Г. Самаш, Abylkas Saginov Karaganda Technical University

    педагогика ғылымдарының кандидаты, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті Киберқауіпсіздік және ЖИ кафедрасының профессоры (Қарағанды, Қазақстан, e-mail: g.samashova@ktu.edu. kz). 

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-20

Журналдың саны

Бөлім

Электронное обучение и дистанционное образование

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары