Иван Щеголихиннің шығармаларын талдау үдерісінде студенттердің әдебиеттанушылық құзыреттіліктерін дамыту
Аңдатпа
Мақалада И.П. Щеголихин прозасын талдау үдерісінде студенттердің әдебиеттанушылық
құзыреттіліктерін дамытудың зерттеу нәтижелері көрсетілген. Атап айтқанда, кәсіби
педагогикалық жүйелердің білім беру құзыреттіліктері студент– филологтардың , болашақ орыс
тілі және әдебиеті мұғалімдерінің кәсіби маман болып қалыптасуына мүмкіндік береді.
И.П. Щеголихин прозасындағы поэтикалық модель талдауы екі кезеңді қамтиды:
1) студенттердің әдіс, шығарманың жанры және стилі,сонымен қатар И.П. Щеголихин
шығармашылығы туралы сияқты әдеби көркем прозаның поэтикасының құрамдас белгілері туралы
түсініктерін қалыптастыру; 2) И.П. Щеголихиннің әдеби эпикалық шығармаларын талдауда
студенттерді шығармашылық әдіс, поэтика, жанр және стиль түрлерін қолдана білуге үйрету.
И.П. Щеголихиннің прозасын оқып үйрену сабақтарында студенттердің теориялық,тарихи әдеби
түсініктерін және аналитикалық құзыреттіліктерін қалыптастыруды бірізділікпен дамыту қажет.
Мақаланың авторы көркем әдебиетті оқытуда И.П. Щеголихин прозасын поэтикалық талдау
жүйесін диалогтік тұғырға негіздеу студенттердің аналитикалық құзыреттіліктерін табысты
дамытуға ықпал ететінін дәйектейді. Мақалада И.П. Щеголихин шығармаларын оқытудың
әдістемесі беріледі, эвристикалық әңгімені қолдану практикасы көрсетіледі. И.П. Щеголихиннің
көркем прозасын интербелсенді және эвристикалық оқыту үдерісінде студенттердің
әдебиеттанушылық құзыретттіліктері табысты дамып жетіледі.
Түйін сөздер: әдеби құзыреттілік, диалогтық оқыту, эвристикалық оқыту, интерактивті
сабақ, И. Щеголихин.








