И.П. Щеголихиннің «Машинадағы үшеу» повесін оқытудың әдістемелік амалдары

Авторлар

  • K Tattimbetova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Мақалада И.П. Щеголихиннің «Машинадағы үшеу» повесін оқытудың әдістемелік амалдары айтылған. «Машинадағы үшеу» повесін И.П. Щеголихин шығармашылығы контексінде оқытса студенттердің білімі тереңірек болады. Бұл контекстер И.П. Щеголихиннің әдеби шығармаларының атауларын талдау форматында қалыптастырылған. Аталған жазушының шығармасын оқытуға арналған практикалық сабақта оқытушы жазушы шығармаларының атауларына талдау жүргізеді. Практикалық сабақта, сонымен қатар, И.П. Щеголихин шығармашылығындағы маңызды көркемдік әдіс, метафора қарастырылған, ол жазушы прозасының поэтикасымен тығыз байланыста. Сонымен қатар, метафора И.П. Щеголихин шығармаларының атауларында да көрініс тапқан. Шығарма атаулары мен метафораларды талдау студенттерге «Машинадағы үшеу» повесінің поэтикалық элементтерінің тақырыппен, идеямен және жанрмен байланысын анықтауға мүмкіндік береді. Сабақтар эвристикалық форматқа негізделген, сондықтан студент өзі проблемалық мәселені тауып, оның шешілу жолдарын ұсынып, өз шешімдерін негіздей алуы керек.
Түйін сөздер: эвристикалық оқыту, интерактивті сабақ, әдістемелік амалдар, оқыту, метафора, повесть.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-11-20

Журналдың саны

Бөлім

Методика преподавания дисциплин

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары