Психикалық дамуы тежелген балаларың кеңістіктік-графикалық
##doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.26577/JES.2019.v58.i1.08Аңдатпа
Бұл мақалада психикалық дамуының тежелуі бар мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың кеңістіктік-графикалық дағдыларын қалыптастыру әдістемесі қарастырылған. Тәжірибелік жұмысқа 6 жас шамасындағы 20 бала алынды, олардың 10 «психикалық дамуы тежелген» диагнозымен тіркелген, қалған 10 бала интеллектуалды даму деңгейі қалыпты балалар. Тәжірибелік зерттеу жұмысы екі кезеңде жүзеге асырылды: бірінші кезең – тұрақтандырушы, психикалық дамуының тежелуі бар мектепке дейінгі жастағы балалардың кеңістіктік-графикалық дағдыларын қалыптастыру мәселесінің жай-күйін зерттеу; екінші кезең – қалыптастырушы, психикалық дамуының тежелуі бар мектепке дейінгі жастағы балалармен тәжірибе жұмыстарын жүргізу. Психикалық дамуының тежелуі бар мектепке дейінгі жастағы балалардың кеңістіктік-графикалық дағдыларын қалыптастыруға әсер ететін ойындар мен жаттығулармен өткізілетін сабақтар жиынтығының тиімділігін тәжірибелік тексеру жүргізілді. Эксперимент нәтижелері бойынша арнайы дайындықтан өткен психикалық дамуының тежелуі бар мектепке дейінгі жастағы балалардың кеңістіктік-графикалық дағдыларының деңгейін артты. Кеңістіктегі жағдайларды анықтағанда олар вербальды кеңістіктік терминологияның айтарлықтай көп мөлшерімен жұмыс істеді. Балалар табиғат объектілері мен объектілер арасындағы кеңістіктік қарым-қатынастарды саралауға, жинақтауға, анықтауға үйренді.
Түйін сөздер: психикалық дамуының тежелуі, кеңістіктік-графикалық дағдылар, түзету-дамыту жұмыстары, зейін, педагог-дефектолог.
