Қазақстанда және шетелде электрондық оқулықтардың даму үрдістері

Авторлар

  • A Tazhigulova «Ұлттық ақпараттандыру орталығы (ҰАО)»
  • Y Artykbayeva «Ұлттық ақпараттандыру орталығы (ҰАО)»
  • A Arystanova «Ұлттық ақпараттандыру орталығы (ҰАО)»

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/JES.2019.v59.i2.09

Аңдатпа

Тақырыптың өзектілігі оқыту процесінде цифрлық технологияларды қолданудың ең нәтижелі жолдарын іздеу қажеттілігінен тұрады. Оқытуды цифрландыру тұратын жеріне қарамастан барлық оқушылар үшін сапалы білім беруді қамтамасыз ету үшін үлкен маңызға ие. Бұл үдерістің тиімділігі, өз кезегінде, көп жағдайда цифрлық білім беру контентіне, оның ішінде – электрондық оқулықтарға (ЭО) байланысты. Мақалада Қазақстандағы және шетелдердегі мектептерге арналған ЭО-ны әзірлеу тәжірибелерінің біздің жағдайымызда неғұрлым нәтижелі тәсілін анықтау мақсатында талдауға әрекет жасалды. Зерттеудің жетекші әдістері ғылыми мақалалар мен монографияларды, электрондық оқулықтарды, деректі дереккөздерді, ұлттық білім министрліктерінің сайттарын, онлайн-платформаларды және электрондық оқыту жүйелерін контент-талдау, практик-мұғалімдермен және т. б. әңгімелесу болды. Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету түрінде білім беру мазмұнын цифрлық форматқа ауыстырудың тұрақты үрдісі анықталды. Мақалада ҚазҰЖҒА академигі, п.ғ.д., профессор Г.Қ. Нұрғалиеваның электрондық оқулықтарды құрастырудың педагогикалық модульдік технологиясының концепциясы ашылған. Осы технологияға сәйкес Ұлттық ақпараттандыру орталығы мектептерге барлық пәндер бойынша ЭО әзірленген болатын. Мектептерде тәжірибе жүзінде оларды қолданудың тиімділігінің нәтижесі мақалада атап көрсетілген. Сондықтан оның сипаттамалары цифрлық контентті әзірлеушілерге және осы бағыттағы болашақ зерттеушілерге пайдалы болуы мүмкін. Бұл мақала әртүрлі елдерде цифрлық білім беру контентін әзірлеу тәсілдерін салыстыру үшін материал береді, халықаралық зерттеулер географиясын кеңейтеді, білім беру саласындағы ғылыми қауымдастықтың дамуына өз үлесін қосады.

Түйін сөздер: цифрлық білім беру контенті, электрондық оқулықтар, ақпараттық білім беру

Автор өмірбаяны

  • Y Artykbayeva, «Ұлттық ақпараттандыру орталығы (ҰАО)»

    Тақырыптың өзектілігі оқыту процесінде цифрлық технологияларды қолданудың ең
    нәтижелі жолдарын іздеу қажеттілігінен тұрады. Оқытуды цифрландыру тұратын жеріне
    қарамастан барлық оқушылар үшін сапалы білім беруді қамтамасыз ету үшін үлкен маңызға ие. Бұл үдерістің тиімділігі, өз кезегінде, көп жағдайда цифрлық білім беру контентіне, оның ішінде – электрондық оқулықтарға (ЭО) байланысты. Мақалада Қазақстандағы және шет елдердегі мектептерге арналған ЭО-ны әзірлеу тәжірибелерінің біздің жағдайымызда неғұрлым нәтижелі тәсілін анықтау мақсатында талдауға әрекет жасалды. Зерттеудің жетекші әдістері ғылыми мақалалар мен монографияларды, электрондық оқулықтарды, деректі дереккөздерді, ұлттық білім министрліктерінің сайттарын, онлайн-платформаларды және электрондық оқыту жүйелерін контент-талдау, практик-мұғалімдермен және т. б. әңгімелесу болды. Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету түрінде білім беру мазмұнын цифрлық форматқа ауыстырудың тұрақты үрдісі анықталды. Мақалада ҚазҰЖҒА академигі, п.ғ.д., профессор Г.Қ. Нұрғалиеваның
    электрондық оқулықтарды құрастырудың педагогикалық модульдік технологиясының
    концепциясы ашылған. Осы технологияға сәйкес Ұлттық ақпараттандыру орталығы мектептерге барлық пәндер бойынша ЭО әзірленген болатын. Мектептерде тәжірибе жүзінде оларды қолданудың тиімділігінің нәтижесі мақалада атап көрсетілген. Сондықтан оның сипаттамалары цифрлық контентті әзірлеушілерге және осы бағыттағы болашақ зерттеушілерге пайдалы болуы мүмкін. Бұл мақала әртүрлі елдерде цифрлық білім беру контентін әзірлеу тәсілдерін салыстыру үшін материал береді, халықаралық зерттеулер географиясын кеңейтеді, білім беру саласындағы ғылыми қауымдастықтың дамуына өз үлесін қосады.

    Түйін сөздер: цифрлық білім беру контенті, электрондық оқулықтар, ақпараттық білім беру ортасы.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-09-09

Журналдың саны

Бөлім

Электронное обучение и дистанционное образование

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары