Болашақ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің кәсіби коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастырудағы ақпараттық технологиялар
##doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.26577/JES.2019.v59.i2.015Аңдатпа
Мақала педагогикалық қызметкерлердің кәсіби коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастырудың өзекті мәселелеріне арналған. Шолу бөлімінде болашақ кәсіби қызметтің ақпараттық білім беру ортасы контексіндегі тәсілдер мен дағдыларды қолданудың практикалық тәжірибесі жинақталып, электронды білім беру ресурстарының әлеуеттік мүмкіндіктері қарастырылады. Электронды білім беру ресурстарын қолдану тілдік оқу материалының жоғары ақпараттық аясын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және болашақ орыс тілі және әдебиетінің мұғалімдерін даярлауға тиімді жағдайлар жасауға ықпал етеді. Цифрлық педагогика болашақ орыс тілі және әдебиетінің мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға ықпал ететін фактор түрінде оқу әдістемелік кешендердің құрамы ретіндегі ақпараттық технологияларға жатады. Жасалған жаңа әдістеме әл-Фараби атындағы ҚазҰУ байқаудан өтті. Алғашқы кезеңде студенттердің қалаулары тексерілді. Педагогикалық мамандықтардағы 350 студентке сауалнама жүргізілді. Анкета екі блоктан тұрды: жаңа әдістеменің және оқыту құралдарының жағымды/ жағымсыз жақтарын қабылдау; оқыту құралдарының бағалану пайдалылығы және ақпараттық толымдылығы. Тұтастай алғанда,студенттердің 69% – ына жасалған әдістеме ұнады; респонденттердің айтуы бойынша ақпараттық білімдік орта оқыту үдерісін жетілдіреді (84%), оқу материалын меңгеруді жеңілдетеді (80%), оқу материалын өзбетінше оқып үйренуге мүмкіндік тудырады (71%).
Түйін сөздер: ақпараттық-білімдік орта, кәсіби-коммуникативтік құзыреттілік, электрондық білім беру ресурстары, интерактивті оқу тапсырмалары, кәсіби қызмет.
