Қазақстандағы қазіргі заманғы мектепте әдебиет сабақтарында көркем мәтінді оқыту әдістері
##doi.readerDisplayName##:
10.26577/JES.2019.v59.i2.017Аңдатпа
Мақалада көркем мәтінді талдау мен түсіндірудің жаңа мүмкіндіктері қарастырылады. Зерттеу нысаны – әдебиеттік оқу бойынша жаңартылған бағдарламаға енген ағылшын ақыны Уильям Блейктің «Тигр» өлеңі. Назарбаев Зияткерлік Мектебінің мұғалімдері сабақта қолданылатын ағылшын суретшісі мен романтикалық ақынның шығармашылығына арналған әдістемелік әзірленімдерді талдауға ерекше көңіл бөледі. Мақалада сабақ барысында пайдаланылатын әдістемелік әдістердің (музыкалық бейнежазба, ақыл-ой картасын жасау) функциялары және сабақтан тыс сағаттарда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және жаңа білім алуға мүмкіндік беретін жобалау әдісінің мүмкіндіктері сипатталған. Оқушылар орындайтын шағын жобалардың мазмұнын талдау Назарбаев Зияткерлік Мектептеріндегі әдебиет пәнінің мұғалімдері пайдаланатын осы әдістемелік технологиялардың тиімділігін айқындайды. Әдістеме оқушыларға қарапайым деңгейдегі салыстырмалы және құрылымдық- семантикалық талдау жасауға мүмкіндік береді. Жаңа әдістемені қолдану әр оқушының құндылықты- мағыналық тұлғалық дамуына септігін тигізеді.
Түйін сөздер: әдебиет пәні бойынша жаңартылған бағдарлама, мәтінді талдаудың интерактивті
әдістері, жоба әдісі.








