«Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұнын дамытудың тарихи ерекшеліктері

Авторлар

  • A Karabutova Казахский Национальный университет имени аль-Фарабифакультет философии и полиологиикафедра педагогики образовательного менеджмента
  • A Mynbayeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

##doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.26577/JES.2019.v60.i3.02

Аңдатпа

Авторлар мақалада Қазақстандағы мектептік білім беруде «Өзін-өзі тану» пәнінің әдістемелік жүйесі, тұжырымдамалық және әдістемелік тұрғыларын талдау негізінде дайындалған «Өзін-өзі тану» пәнін дамыту кезеңдерін ұсынады. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру мазмұнының жаңартылған нұсқадағы құрылымдық элементтері қарастырылады. Бастауыш сыныптардағы «Өзін-өзі тану» пәнінің адамды рухани өсуге жетелейтін және тұлғаның
гуманистік сапаларын қалыптастыруға мүмкіндік беретін жаңартылған мазмұндағы ерекшеліктер  көрсетіледі. Дәуірлеу мынадай кезеңдерді қамтиды: дайындық және эксперименттік кезең (2010 жылға дейін); ендіру (2010-2015 жж.). «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың тәжірибесі нормативтік құжаттардың сабақтастығы, тұжырымдамалық негіздердің өзгеруінің қысқаша сипаты, мазмұн құрастырудың жетекші идеялары, сабақты жобалаудың дидактикалық өзгерістері, пәнді оқыту әдістемесінің өзгеруі сияқты өлшемдер бойынша жинақталып жүйеленді, кезеңдердің (эксперименттік → ендіру → жаңарту кезеңі) дамуын салыстыру жүргізілді .Талдау қазіргі қоғамның дамуы кезеңінде Қазақстанда пәннің жетекші идеясының, тұжырымдамасының таратылуы стратегиялық және болжамдық түрде өзекті және маңызды екендігін көрсетті. Ол қазақстандық білім берудің қазіргі жаһандану әлеміндегі кризистік құбылыстарға жауап ретінде аталуы мүмкін. Өзін-өзі тануды оқытуға арналған жетекші дидактикалық және әдіснамалық ғылыми тұрғылар (синергетикалық, аксиологиялық, құндылықтық-мағыналық, орталық, жобалық және басқа тұрғылар), сол сияқты заманауи педагогикалық құралдар (сторителлинг, шығармашылық жұмыс, арт-әдістер, ән айту және т.б.) қазіргі әдіснамалық және әдістемелік алдыңғы қатарлы және инновациялық құралдар болып табылады. Сөйтіп, құрастырылған стратегиялар, оқыту әдістері мен технологиялары ағымдағы кезеңдегі ғылыми білім берудің әлемдік дамуына жауап бере алады.
Түйін сөздер: рухани-адамгершілік білім беру, өзін-өзі тану, жалпыадамзаттық құндылықтар, жаңартылған мазмұн, жобалау әрекеті.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-11-11

Журналдың саны

Бөлім

История. Методология современного образования..

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары