Арт-терапияны студенттердің әлеуметтік фобияларын алдын алуда қолданудың тарихы мен мүмкіндіктері
##doi.readerDisplayName##:
10.26577/JES.2019.v61.i4.02Аңдатпа
Мақалада жастардың әлеуметтік фобияларын алдын алу жұмыстарының маңыздылығы қарастырылады. ДДСҰ мәліметтеріне сүйенсек, қазір әлеуметтік фобиясы бар балалар мен жастар саны артуда. Келтірілген аргументтер салдары ауыр дезадаптация, тұрақты адекватты емес қорғау механизмдері, депрессия, маскүнемдік сияқты қосалқы аурулардың дамуына алып келетін әлеуметтік фобияны ерте анықтау мен алдын алу қажеттілігі мен маңыздылығын көрсетеді. Сонымен қатар, қорқыныштың салдарынан оқу, жұмыс, тұрақты әлеуметтік қарым-қатынас құру және т.б. әлеуметтік қабілеттердің дұрыс қалыптаспауы алдын алу жұмыстар жүргізуге себеп болып табылады. Мақалада әлеуметтік фобияны алдын алу жұмыстары бойынша зерттеулердің даму кезеңдері көрсетілген. 3 негізгі кезең анықталады: ғылымға дейінгі, зерттеулердің қалыптасу кезеңі (ілгері кезең), қазіргі зерттеулер. Сондай-ақ, мақалада жастардың әлеуметтік фобияларының дамуына ықпал ететін факторлар көрсетілген. Зерттеу барысында студенттердің әлеуметтік фобиясын алдын алу бағдарламасы құрастырылды. Экспериметке әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 60 студенті қатысты. Диагностика LSAS әдісі арқылы жүргізілді. Түзету жұмыстарында арт-терапия әдістері қолданылды, сабақтар 30 сағаттық бағдарлама негізінде жүргізілді. Арт-терапия әдістері арқылы әлеуметтік фобияның алдын алу бойынша тәжірибелі-педагогикалық жұмыстардан кейінгі тұрақтылық динамикасы көрсетілген. Түйін сөздер: әлеуметтік фобия, профилактика, фобия, бағдарлама, алдын алу жұмыстары, арт-терапия, қорқыныштар, әлеуметтік-педагогикалық әдістер.








