Болашақ әлеуметтік педагогтардың инклюзивті білім беруде жұмыс істеуге дайындығы: диагностикалық зерттеу нәтижелері
##doi.readerDisplayName##:
10.26577/JES.2020.v62.i1.05Аңдатпа
Мақалада «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының бакалавриат студенттерінің инклюзивті білім беру жағдайында тәжірибелік жұмысқа дайындығы туралы диагностикалық зерттеу нәтижелері ұсынылған. Зерттеуге «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» «Педагогика және білім беру менеджменті» кафедрасының «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының үшінші және төртінші курс студенттері қатысты (Алматы қ., Қазақстан Республикасы). Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар контингентімен педагогикалық практика кезінде студенттер қандай қиындықтармен бетпе-бет келгенін; денсаулық мүмкіндіктері шектеулі оқушылармен жиі қолданылатын және осы санаттағы балаларды түзетуде айтарлықтай елеулі нәтижелер беретін әдістемелер; инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істейтін әлеуметтік педагог қандай қасиеттерге ие болуы тиіс екендігі талданды. Зерттеу нәтижелерін талдау барысында зерттеушілер «әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша бакалавриат студенттерінің инклюзивті білім беру жағдайында тәжірибелік жұмысқа бейімділігі туралы анықтады. Инклюзия жағдайында тиімді кәсіби қызмет үшін қажетті әлеуметтік педагогтың кәсіби маңызды қасиеттерінің жиынтығы анықталды: эмпатия, қақтығыстарға төзімділік, күйзеліске төзімділік, толеранттылық, коммуникативтік және ұйымдастырушылық дағдылар. Халықаралық тәжірибеде қолданылатын инновациялық стратегиялармен және инклюзивті білім беру үлгілерімен мамандарды даярлау мазмұнын жаңарту ұсынылды. Түйін сөздер: инклюзивті білім беру, сапалы талдау, контент-талдау, ерекше білім беру қажеттіліктері, денсаулықтың шектеулі мүмкіндіктері, педагогикалық эксперимент.








