Қазақстанның жоғары оқу орындарындағы  қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану мәселелері

Авторлар

  • Y Tazhigulova Ғылыми ақпараттандыру орталығы
  • A Artykbayeva Ғылыми ақпараттандыру орталығы
  • A Arystanova Ғылыми ақпараттандыру орталығы

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/JES.2020.v62.i1.11

Аңдатпа

Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану ЮНЕСКО-ның орнықты даму үшін жалпыға бірдей өмір бойы сапалы білім беру мақсатына жетудің тиімді жолдарының бірі болып табылды. Сырттай оқытуды тоқтатуға байланысты қашықтықтан білім беру технологияларын дамыту проблемасы ерекше өзекті бола бастады. Мақалада жоғары білім беруде қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану саласында пайда болған қайшылықты қарастыруға тырысады: бір жағынан, халықтың көп бөлігінің қашықтықтан білім алуына қажеттілігі бар; екінші жағынан, қазақстандық университеттерде қашықтықтан оқыту технологияларын енгізуге байланысты бірқатар проблемалар шешілмеген; құқықтық және нормативтік қамтамасыз ету тиісті деңгейде дамымаған, мазмұны мен бағдарламалық жасақтамасы тиісті деңгейде дайындалмаған, ең бастысы, профессор-оқытушылар құрамы жеткілікті түрде дайын емес. Зерттеудің жетекші әдістері нормативтік құжаттарды, жоғары оқу орындарының веб-сайттары мен оқу порталдарын, қашықтықтан білім беру технологияларының проблемалары туралы ғылыми мақалалар мен оқуәдістемелік әдебиеттерді, статистикалық мәліметтерді, қашықтықтан білім беру технологиясы саласындағы жоғары оқу орын оқытушылары мен мамандарының сауалнамасын, оқытушылармен және студенттермен әңгімелесулерді және т.б. зерделеумен жүзеге асты. Түйін сөздер: қашықтықтан білім беру технологиялары, жоғары білім.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-04-15

Журналдың саны

Бөлім

Электронное обучение и дистанционное образование

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары