Қазақстан және Финляндияның рухани-адамгершілік құндылықтарын өлшеу үшін салыстырмалы талдау әдістемесі
##doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.26577/JES.2020.v63.i2.01Аңдатпа
Мақалада Қазақстан мен Финляндияның рухани-адамгершілік құндылықтарын өлшеу
әдістеріне салыстырмалы талдау жүргізілген. Әртүрлі елдердегі жетекші зерттеушілердің бірінің
құндылықтарды өлшеу әдістері жастар үлгісінде берілген.
Бүгінгі таңда Қазақстан тез дамып, үдемелі келе жатқан ел. Өз кезегінде, бұл экономикалық
өзгерістерге ғана емес, азаматтардың мәдени және әлеуметтік өміріндегі өзгерістерге де әкеледі.
Бұл жастардың өмірінде және олардың құндылықтарының қалыптасуында айқын көрінеді.
Ғасырлар бойы сақталған мәдениет пен салт-дәстүрлер дәстүрлі құндылықтарды қалыптастыруға
мүмкіндік береді: отанға деген махаббат, үлкендерге құрмет, ата-бабаларды құрметтеу. Бірақ XXI
ғасыр өзінің жаңа шарттарын қалыптастырды. Мұнда руханилық діннен бөлініп, адамгершілік
жаңа көрсеткіштермен өлшенеді, ал тәрбиелеу әдістері жаңа түрге ие болып, заманауи әдіс-
тәсілдерді талап етеді. Автор ұсынған зерттеу рухани және діни түсініктердің арасындағы
байланысты және жастардың жеке идентификациядағы адамгершілік және мораль мәселелеріне
деген көзқарасын көрсетеді.
Қазақстанның Финляндиямен салыстырмалы талдауы елге қарамастан жастардың рухани
құндылықтарының өзгеруі бойынша үдерістердің өзара ұқсастығын көрсетеді. Жаһандану,
шекараларды және еркін қарым-қатынасты кеңейту, ақпаратқа қолжетімділік және еркін таңдау
мүмкіндігі қоғамды осындай өзгерістерге алып келеді. Рухани құндылықтардың өзгеруі мәдени
бағдарлардың өзгеруіне әкеледі. Осыған байланысты өлшеу әдістері көбеюде және олардың
барлығы негізгі көрсеткіштерді жалпылай қарастыру үшін мүмкін.
