«Сторителлинг (хикаялату)» және «білім беру» тақырыптарындағы жаһандық үрдістер мен зерттеу бағыттары: Scopus деректеріне библиометриялық талдау (2006–2024)
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES88320269Аңдатпа
Қазіргі білім беруде оқиғаларды құрастыру және әңгімелеу оқыту мен тәрбиелеудің сұранысқа ие әрі маңызды әдісіне айналуда. Зерттеудің мақсаты – 2006-2024 жылдар аралығындағы "storytelling" және "education" кілт сөздері бойынша Scopus деректері негізінде жарияланымдардың библиометриялық талдауын жүргізу. Әдістемелік тұрғыдан зерттеу RStudio құралдары мен bibliometrix пакеттеріне сүйенеді, оның ішінде деректерді тазарту, авторларды, көздерді және кілт сөздерді талдау, сондай-ақ тақырыптық карта құру кіреді. Үлгі 1835 көзден тұратын 4719 құжатты қамтыды. Талдау жарияланымдардың тұрақты өсуін анықтады (жыл сайынғы орташа өсім қарқыны 18,52%), бұл педагогикалық практикада нарративтік әдістерге деген қызығушылықтың артуын көрсетеді. Кілт сөздердің бірлескен жиілігі негізінде құрылған стратегиялық карта «storytelling» және «education» салаларының тақырыптық құрылымын визуализациялайды, тақырыптарды орталықтылық және даму осьтері бойынша төрт квадрантқа бөліп, ядроны, периферияны және болашақ зерттеулер үшін перспективті салаларды анықтауға мүмкіндік береді. Нәтижелер дәстүрлі гуманитарлық тәсілдерден цифрлық сторителлинг және HCI сияқты технологиялық инновацияларға ауысуын баса көрсетеді, бұл оқуда мотивация мен шығармашылықтың рөлін күшейтеді. Жалпы алғанда, олар сторителлингтің қазіргі білім берудің инновациялық құралы ретіндегі артуы маңыздылығын көрсетеді, ол 21 ғасыр дағдыларының дамуына ықпал етеді және жалпы білім сапасын айтарлықтай жақсартады.
Түйін сөздер: білім беру, сторителлинг, цифрлық баяндау, библиометрия, Scopus.








