Ашық цифрлық білім беру ресурстарының жалпы білім берудегі алатын орны мен рөлі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES883202617

Аңдатпа

Ашық білім беру ресурстары (АБР) қазіргі білім беру жүйесінде білімге қолжеткізуді демократияландырудың маңызды құралына айналды. Олар кез келген адамның тұрғылықты жеріне, әлеуметтік мәртебесіне немесе оқу орнына байланыссыз өзіндік білім алуына және кәсіби даму дағдыларын жетілдіруіне мүмкіндік береді. Дегенмен, сапалы АБР әзірлеу арнайы әдістемелік дайындықты, технологиялық шешімдерді және түрлі мамандардың бірлескен жұмысын қажет етеді.

 

Мақалада жалпы білім беру аясында ашық білім беру ресурстарын әзірлеудің теориялық негіздері, қалыптасу үрдістері және технологиялық талаптары қарастырылады. Халықаралық тәжірибе, мемлекеттік бастамалар және БҰҰ ұсынымдарын талдай отырып, зерттеу АБР дамуын айқындайтын негізгі жаһандық трендтерді анықтайды: онлайн білім берудің өсуі, жаппай ашық онлайн курстардың (MOOC) кеңеюі, ашық лицензияларды пайдалану, бірлесіп контент жасау тәжірибесі және жасанды интеллект пен деректерді талдау сияқты зияткерлік технологияларды енгізу. Жұмыста мақсат қоюдан бастап аудиторияны талдауға, контент әзірлеуге, ресурстарды формализациялау мен тексеруге, жариялау мен үздіксіз жаңартуға дейінгі жеті кезеңнен тұратын АБР әзірлеу алгоритмі жүйеленді. Сондай-ақ оқытушылар, әдіскерлер, мультимедиа дизайнерлері және контент авторларының қатысу рөлдерін айқындайтын үлгі ұсынылған. Ресурстардың қолжетімділігін, инклюзивтілігін және әртүрлі жүйелерде қолданылуын қамтамасыз ету үшін SCORM, IMS Global, IEEE LTSC, Creative Commons секілді халықаралық стандарттарға сүйенудің маңызды екендігі атап өтіледі. Зерттеу нәтижелері дұрыс жобаланған ашық білім беру ресурстары білімге қолжетімділікті арттырып қана қоймай, оқыту сапасын жақсартатынын, оқушы автономиясын күшейтетінін және педагогикалық тәжірибеде инновацияларды дамытатынын көрсетеді. Ұсынылған әдістемелік негіздер болашақта жаңа курстарды, оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеуде және цифрлық білім беру контентімен жұмыс істейтін мамандарды даярлауда бағалы негіз бола алады.                                                                              Түйін сөздер: ашық білім, электрондық оқыту, электронды басылымдар, MOOC. 

Автор өмірбаяндары

  • Ж. Алтынбекова, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

    Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің докторанты (Алматы, Қазақстан, e-mail: altynbekova.zhanar1@mail.ru) 

  • Б. Бостанов, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

    хат алмасуға жауапты автор, педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қауымдастырылған профессорының міндетін атқарушы (Алматы, Қазақстан, e-mail: bostanov.01@qyzpu.edu.kz) 

Жарияланды

2026-09-20

Журналдың саны

Бөлім

Пәндерді оқыту әдіснамасы