Шетел тілдері мұғалімін кәсіби даярлауда педагогикалық рефлексияны дамыту
Аңдатпа
Мақалада кәсіптік педагогикалық іс-әрекеттегі рефлексияның рөлін түсіну мәселесі
қарастырылады. Студент-практиканттардың педагогикалық рефлексиясын диагностикалау мен
қалыптастырудың өзектілігі анықталады. Студент-практиканттардың арнайы ұйымдастырылған
педагогикалық іс-әрекеті жағдайындағы педагогикалық рефлексияның дамуын басқару
мүмкіндіктерінің негіздемесі көрсетіледі. Студент-практиканттардың тұлғалық және
коммуникативтік рефлексиясын дамытуға бағытталған арнайы тапсырмалардың түрлері
сипатталған. Тұлғалық және коммуникативті рефлексия біліктіліктерін қалыптастырудың
байқаудан өткен құралдары және олардың тиімділігінің дәлелдері беріледі. Кәсіби-тұлғалық даму және өзін-өзі дамыту үдерістеріндегі, коммуникативтік рефлексиядағы тұлғалық рефлексияның
және мұғалім мен студенттердің педагогикалық өзара әрекеттесу стратегиясын құрудың тұлғалық
рефлексиялық тиімділігі баяндалады.
Жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін ескере отырып, оқытуда студент-практиканттардың
педагогикалық рефлексиялық біліктіліктерінің тиімділігін арттыруға бағытталған кейбір
ұсыныстар беріледі. «Болашақ бейнесі », «Мониторинг мотивациясы», «Шағын бағдарлама», «Өмір
табыстылығының символы», «Менің өмірдегі және кәсіптегі жетістіктерім», «Өмірлік және кәсіби
мәселелерді шешу» , «Менің профессорлық идеалым», «Кәсіби өмірдің құндылықтары», «Кәсіби
өсу пирамидасы» және т.б. жаттығулар рефлексияны қалыптастырудың тиімді құралы болып
табылады. Студент-практиканттар мына әдістердің: өткен тәжірибенің жағымсыз жақтарын
қайта бағалау мүмкіндігі және одан дамуға жағымдылық беретін ынталандыруды табу; өзін-
өзі дамыту жолдары мен құралдары, өмірлік және кәсіби мәселелерді жеңе білу құралдары,
ағымдағы өзін-өзі бақылаудың мотивациялық және мінез-құлықтық жолдарын нақты анықтау;
өзінің қалаған шынайы болашақ бейнесін, өзі туралы тереңдетілген әртүрлі көріністерді, өзінің
ішкі жан дүниесін, «Мен бейнесін» нақтылау және түзету және өзін-өзі тиімді талдау дағдыларын
жетілдіруді қалыптастырудың жағымды жақтарын атап көрсетті.
Түйін сөздер: педагогикалық рефлексия, тұлғалық және коммуникативтік рефлексия,
рефлексиялық біліктілік, өзін-өзі тану, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі түйсіну, өзін-өзі түзету.
