Жоғары оқу орны студенттерінің техникалық құзыреттерін дамыту
##doi.readerDisplayName##:
10.26577/JES.2019.v61.i4.05Аңдатпа
Мақалада зерттеліп отырған тақырып бойынша отандық және шетелдік әдебиеттерге шолу жасалады, оқу үдерісінде жоғары оқу орындарының студенттерінің техникалық құзыреттіліктерін (ТҚ) қалыптастырудың қажеттілігі негізделеді. Заманауи жоғары білікті инженердің тұлғасы – бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы түйінді бейне. Инженерлердің өздерінің кәсіби қызметтерін табысты атқаруы үшін маманның техникалық құзыреттіліктерінің нақты деңгейі болуы тиіс. Білім беру үдерісінде студенттердің жоғары білімінің басымдықтарының бірі болып табылатын техникалық құзыреттіліктерді қалыптастыра алатын шарттар негізделеді. Жұмыста техникалық құзыреттілік инженерлік-техникалық жұмыстардың тиімділігін анықтайтын, инженерліктехникалық білімдерді қолдана отырып, инженерлік-техникалық нысандарды әзірлеу, зерттеу және жетілдіруге бағытталған білім, дағды және жеке тұлғалық сапалар жиынтығы ретінде қарастырылады. Физиканы оқыту үдерісінде студенттердің техникалық құзыреттіліктерін қалыптастыру үшін қосымша әдістемелік және психологиялық-педагогикалық шарттардың қажеттілігі туралы болжам жасалады. 2018-2019 оқу жылының екінші семестрінде Алматы энергетика және байланыс университетінің студенттеріне сауалнама жүргізілді. Сауалнама сұрақтары студенттердің техникалық құзыреттіліктерінің мотивтерін анықтауға және кәсіби бағыттылықтарын бағалау үшін құрастырылды. Түйін сөздер: құзыреттіліктер, техникалық құзыреттіліктер, оқу үрдісі, кәсіби бағыттап оқыту.








