Мектепке дейінгі ПДТ (психикалық дамуы тежелген) балаларды ерте кәсіпке баулу мүмкіндіктері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES20258327
        119 44

Аннотация

Мектепке дейінгі білім беру шеңберінде кәсіби бағдар беру – баланы тәрбиелеу мен оның болашақтағы табысты мансаптық дамуы мен өзін-өзі тануына қажетті дағдыларды қалыптастырудың маңызды аспектісі болып табылады. Баланың әлеуметтену процесінің маңызды компоненттерінің бірі – оның кәсіби өзін-өзі анықтауы, яғни  кәсіби жолын саналы және тәуелсіз таңдау процесі екендігін ескерек, кәсіби өзін-өзі анықтау-бұл бір реттік оқиға емес, адамның бүкіл өміріндегі мәселе және ол мектепке дейінгі балалық шақта басталатындығы сөзсіз. Сондықтан да ұсынылған зерттеу жұмысының өзектілігі, бүгінгі күн сұранысына сәйкестігі күмән тудырмайды. Авторлар зерттеу жұмысына қатысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын, теориялық материалдарды кеңінен қолдана отырып,  жан-жақты талдау жасап, тұжырым жасалған.  Соның ішінде бүгінгі инклюзивті білім беру жағдайында мектепке дейінгі ПДТ (психикалық дамуы тежелген) балаларды ерте кәсіпке баулу маңыздылығын негіздеуге тырысқан. Мектепке дейінгі ұйымдағы ерекше білім беруді қажет ететін балаларды ерте кәсіптік бағдарлаудың қажеттілігі мен маңыздылығын мұндай балаларда әртүрлі мамандықтар туралы нақты визуалды идеяларды қалыптастырумен тұжырымдалған. Бұл олардың білімін кеңейтуге және еңбекке деген оң көзқарас пен құрметті қалыптастыруға  ықпал ететіндігін жүргізілген тәжірибелік жұмыс арқылы  дәлелдеген. Сонымен қатар ерте кәсіптік бағдар беру арқылы ЕББҚ  балаларды қазіргі тез өзгермелі қоғамдағы өмірге дайындауға зор мүмкіндік тудыратындығын негіздеген.

Түйін сөздер: Мектепке дейінгі бала, сөздік қор, психикалық дамуы тежелген, лэпбук технологиясы, ерте кәсіпке баулу.

 

Авторлардың биографиясы

Ж. Сардарова, Абай атындағы Қазақтың ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

Педагогика ғылымдарының докторы,  «Арнайы педагогика» кафедрасының қауымдастырылған  профессоры, e-mail: sardar.Zh@mail.ru

А. Хасанова , Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы , Қазақстан

PhD докторант, e-mail: aida.zhanturina@mail.ru

Ш. Джанзакова , Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Университеті, Атырау , Қазақстан

педагогика ғылымдарының докторы, профессор , e-mail: sholpan.dzhanzakova@mail.ru

Н. Жұмашева , Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Университеті, Атырау , Қазақстан

Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедерасының қауымдастырылған профессор м.а., педагогика ғылымдарының кандидаты  , e-mail: nur_az@mail.ru

Ш. Сырбаева , Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Университеті, Атырау, Қазақстан

Педагогика ғылымдарының кандидаты, «Физика  және техникалық пәндер » кафедрасының қауымдастырылған профессоры,e-mail: Syrbaeva@bk.ru

Жүктелулер

Как цитировать

Сардарова, Ж., Хасанова , А. ., Джанзакова , Ш., Жұмашева , Н., & Сырбаева , Ш. (2025). Мектепке дейінгі ПДТ (психикалық дамуы тежелген) балаларды ерте кәсіпке баулу мүмкіндіктері. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 83(2), 82–96. https://doi.org/10.26577/JES20258327