Жоғары оқу орындарында химияны оқытуда жасыл химия принциптерін кіріктіру және білім алушылардың көзқарасы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES883202615

Аңдатпа

Бұл зерттеу Қазақстандағы жоғары оқу орындарында химия пәндерін оқыту барысында жасыл химия принциптерін кіріктіру мен білім алушылардың осы бағыттағы көзқарасы мен практикалық дағдыларын зерттейді. Зерттеудің негізгі мақсаты – Қазақстандағы жоғары оқу орындарында жасыл химия курстарының ұйымдастырылу деңгейін анықтау, білім алушылардың жасыл химия жөніндегі көзқарасы мен практикалық қолдану қабілетін зерттеу.  Зерттеу ғылыми-практикалық маңызы тұрғысынан маңызды, себебі жасыл химияны оқу үдерісіне кіріктіру білім алушылардың экологиялық санасын қалыптастырып, болашақ мамандарды тұрақты даму қағидаттарына сәйкес шешім қабылдауға бағыттайды. Бұл тәсіл білім беру сапасын арттыруға, зертханалық тәжірибелерді экологиялық тұрғыдан тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Зерттеу сапалық және сандық әдіс негізінде жүргізілді, деректер Қазақстанның жоғары білім беру бағдарламаларының бірыңғай платформасы және 156 білім алушы қатысқан сауалнама арқылы жиналды. Бірыңғай платформадан жиналған деректерді талдау нәтижесі «Жасыл химия» бағытында дайындалған курстардың білім беру бағдарламаларына енгізілу дәрежесін анықтауға мүмкіндік берді. Сауалнама деректерін талдау үшін Кронбах альфа коэффициенті, орташа мән мен стандартты ауытқу, Спирмен ранжирлеу корреляциясы және Краскал-Уоллис критерийі қолданылды. Зерттеу нәтижелері білім алушылардың жасыл химияға деген көзқарасы жоғары деңгейде екенін, ал практикалық дағдылары орташа деңгейде екенін көрсетті. Курстар арасында статистикалық мәнді айырмашылық анықталмады, бұл барлық білім алушылардың көзқарасы мен практикада қолдану деңгейі бірдей екенін білдіреді. Зерттеу жұмысы жоғары білім беру жүйесінде жасыл химия принциптерін кіріктірудің тиімділігін көрсетеді және білім беру бағдарламаларын жетілдіруге бағыт береді. Практикалық маңызы – білім алушылардың экологиялық құзыреттілігін дамыту, зертханаларды жасыл химия принциптеріне сәйкестендіру  және білім беру процесіне жасыл химияны тұрақты түрде қолдану мүмкіндігін қамтамасыз ету.

Түйін сөздер: жасыл химия, экологиялық құзыреттілік, тұрақты даму, экология, кіріктіре оқыту.

 

Автор өмірбаяндары

  • А. Әмірбек, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті

    докторант, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (Шымкент, Қазақстан, e-mail: arailym.amirbek@okmpu.kz )

  • А. Жылысбаева, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті

    химия ғылымдарының кандидаты, доцент, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының директоры, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (Шымкент, Қазақстан, e-mail: zhylysbayeva.akkongyr@okmpu.kz )

  • К. Керимбаева, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті

    техника ғылымдарының кандидаты, доцент, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (Шымкент, Қазақстан, e-mail: kulyash_62@mail.ru)

  • К. Халмирзаева, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

    аға оқытушы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті(Шымкент, Қазақстан,e-mail: kulanda.67@mail.ru )

     

Жарияланды

2026-09-20

Журналдың саны

Бөлім

Пәндерді оқыту әдіснамасы

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары