Байдарка және каноэ жоғары білікті ескекшілерінің жарыс алды дайындықтарын оңтайландырудың педагогикалық аспектілері
Аңдатпа
Мақалада жоғары білікті ескекшілердің жарыс алдындағы және жарыс кезеңіндегі
дайындығы жағдайын зерттеу мәселесі қарастырылған. Зерттеу ескекшілердің зерттелу кезіндегі
жағдайын салыстыруға бағытталған. Біз олардың негізгілері ретінде қарым-қатынас, ішкі әл-
ауқат, сыртқы белсенділік және спортқа икемделу қажеттілігін таңдадық. Бұл проблеманы
шешуге ескекшілердің жарыстарға қатысуы жағдайында олардың дайындығын басқаруды
кешенді оқып үйрену мүмкіндігі арқылы қол жеткізуге болады. Ескекшілердің жарыстардағы
жай-күйлеріне анық әсер ететін жағдайлар көрсетілді. Жоғары көрсеткіштік дайындықтары
бар ескекшілер болжамдық нәтижелерді оңай орындайды. Байдарка мен каноэ және әртүрлі
типологиялық ерекшеліктерде маманданушы ескекшілердің дайындық жағдайы қарастырылады.
Олардың жауапты жарыстар алдындағы жағдайының диагностикалық деңгейі ескекшілердің
ағзасының жағдайын бағалауға арналған типологиялық нормативтерді жасауға мүмкіндік береді.
Шынайы жүргізілген педагогикалық тәжірибенің нәтижелері бойынша – бақылаудан өтетін
тәжірибелі топ – ескекші байдаркашылар мен каноистерде жарыс алды дайындықтың тұрақты
белгілері анықталды және олар жауынгерлік әзірліктің тобына ендірілді. Жарыс алды жүктеменің
рационалды жоспарлану нұсқалары олардың жарыстарда табысты болуына мүмкіндік береді.
Түйін сөздер: оңтайландыру, жарыс алды дайындық, жоғары білікті ескекшілер, байдарка,
каноэ, жарыс алды кезеңі, жарыс кезі.








