Психикалық дамуының тежелуі бар балаларды инклюзивтік білім беру жағдайына бейімдеу әдістерін өңдеу

Авторлар

  • A Rakhmetova Казахский Национальный университет имени аль-Фарабифакультет философии и полиологиикафедра педагогики образовательного менеджмента
  • G Tussupbekova Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
  • S Tuleukhanov Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • Zh Abdrassulova
  • A Ydyrys 2әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/JES.2019.v58.i1.07

Аңдатпа

Бұл мақалада инклюзивтік білім беру тұрғысынан психикалық дамуының тежелуі бар балаларды бейімдеу әдістемесі қарастырылған. Зерттеу жұмысына психикалық дамуының тежелуі бар, жалпы білім беретін мектептердің инклюзивті сыныптарындағы 20 оқушы, сондай-ақ осы балалардың ата-аналары қатысты. Тәжірибелік жұмыс үш кезең бойынша жүргізілді: бірінші кезеңде білім беру мекемесінде инклюзивті білім беру арқылы психикалық дамуының тежелуі бар балаларды бейімдеу үшін ұйымдастырушылық-педагогикалық жағдайлардың кешені әзірленді; екінші диагностикалық кезеңде теориялық және педагогикалық негіздеу жүргізілді, ата-аналар мен мұғалімдер үшін оқу-әдістемелік, дидактикалық және кеңес беру материалдары жасалды. Тұрақтандыру тәжірибелері жүргізілді; үшінші кезеңде инклюзивті білім беру арқылы (қалыптастыру тәжірибесі) психикалық дамуының тежелуі бар балаларды бейімдеуге арналған ұйымдастырушылық-педагогикалық жағдайлар жиынтығын жүзеге асыру үшін жалпы білім беретін мектептерде эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыру. Қалыптастыру тәжірибесінің қорытындысы бойынша, инклюзивті білім беру осы санаттағы балаларды әлеуметтендіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні анықталды; әрбір бала инклюзивтік білім беру жағдайында өздерінің қажеттіліктеріне және өздерінің мүмкіндіктеріне бейімделген сапалы білім алатындығы байқалды.

Түйін сөздер: психикалық дамуының тежелуі бар балалар, инклюзивті білім беру, зейін, ойлау, педагог-дефектолог, психолог.

Жарияланды

2019-05-23

Журналдың саны

Бөлім

Инклюзивное образование

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары