ШЕТЕЛДЕ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ, ТӘЖІРИБЕСІ ЖӘНЕ КЕЛЕШЕГІ
##doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.26577/JES.2019.v58.i1.010Аңдатпа
Мақалада инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі және әдіснамасы қарастырылады. Ұлыбритания, Канада, АҚШ, Ресей және басқа да шетел ғалымдарының зерттеулері талданады. Олардың ғылыми көзқарастарына сәйкес шетелдерде инклюзивті білім беруді дамытудың негізгі бағыттары айқындалғандығы баяндалады. Инклюзивті білім беру ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды жалпы білім беру кеңістігіне ендірудің әртүрлі ұстанымдары мен әдістерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін және білім беру ортасының нақты бір үйреншікті әдісін, белгілі бір әлеуметтік және білім беру шарттарын өзгертуді талап ететін күрделі үдеріс. Бұл әлеуметтік мәселені шешуде кәсіби мамандарды, атап айтқанда әлеуметтік пеадагогтерді дайындаудың сапасын арттыру маңызды деп танылады. Шетелдерде инклюзивті білім берудің маңызды бағыттары ретінде: (1) білім беру мекемелерінде инклюзивті мәдениетті қалыптастыруға, жалпы алғанда инклюзияның философиясын дамытуға бағдар жасалуы; (2) мүмкіндігі шектеулі балаларға максималды көмек көрсету үшін білім беру үдерісінің барлық қатысушыларын,сол сияқты ата-аналарды да қатыстыру қызметін үйлестіру; (3) педагогтерді инклюзивті білім беру жағдайында және командада жұмыс істей алуға арнайы дайындау; (4) әртүрлі қоғамдық ұйымдар және психологиялық-педагогикалық қызмет аясында инклюзивті мектепті және олардың партнерлары мен көмекшілерін қолдау; (5) мүмкіндігі шектеулі балаларды білім беру үдерісіне ендірудің жеке білім беру бағдарламасын жасау және оларды оқытудың жеке жопарын дайындау қажет.
Түйінсөздер: инклюзивті білім беру, инклюзия, aрнaйы білім беру қaжеттіліктері, aтипті бaлaлaр, мүмкіндіктері шектеулі оқушылaр, интегрaциялық оқыту.
