PLANTAGO MAJOR L. ДӘРІЛІК ӨСІМДІГІНІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

Авторлар

  • K Yernazarova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • Zh Abdrassulova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • S Tuleuhanov Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • G Tusupbekova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • N Salybekova Международный казахско-турецкий университет имени Ходжи Ахмеда Ясави
  • G Isayev Международный казахско-турецкий университет имени Ходжи Ахмеда Ясави

##doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.26577/JES.2019.v58.i1.014

Аңдатпа

Мақалада Plantago major L. дәрілік өсімдігінің биологиялық ерекшеліктерін оқытуда инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі сипатталған.

Қазіргі таңда Қазақстанның жоғары білім беру жүйесі жаңа кезекті жаңғыру кезеңінен өтуде. Оқу жоспарлары мен жас мамандарды дайындау бағдарламалары жаңартылуда. Өз кезегінде, оқытушылардың кәсіби-педогогикалық даярлық дәрежесіне жоғары талаптар қойылуда. Осыған орай, соңғы уақытта студенттердің, магистранттардың, оқытушылардың, факультеттер басқармасының, университеттердің жоғары оқу орындарында мамандарға тәрбие мен білім берудің инновациондық технологияларына қызығушылық артып келе жатыр.

Биология ғылымын меңгеру барысында ең алғашқы оқытылатын сала Ботаника болып табылады. Ертеден ботаника саласында дәрілік өсімдіктерге ерекше назар аударылған, оларға қазіргі кезге дейін зерттеушідердің жоғары қызығушылығын тудыруда. Зерттеп отырған Plantago major L. дәрілік өсімдігінің ариалы кең.

Plantago major L. дәрілік өсімдігін зерттеу нәтижесінде алынған ақпараттарды инновациялық технологияларды пайдалана отырып оқытудың әдістемесі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінд 2 курс білімгерлерінің қатысуымен сынақтан өткізілді. Инновациялық әдістерді пайдаланудың нәтижесінде білімгерлердің ақпаратты жақсы меңгеріп, білім көрсеткіштерінің жоғарылағаны анықталды.

Зерттеу нәтижесінде алынған ақпараттар «Ботаника», «Дәрілік өсімдіктер», «Өсімдіктір анатомиясы мен морфологиясы» курстарының оқу үдерісінде қолданысқа ие бола алады.

Түйін сөздер: инновация, инновациялық технологиялар, дәрілік өсімдік, Plantago major L., интерактивті демонстрациялық дәріс, вертуалды зертхана, икемді үлгі, зертханалардың ауысуы, ішкі зертхана.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-05-28

Журналдың саны

Бөлім

Методика преподавания дисциплин

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары