Астық тұқымдастарын зақымдайтын саңырауқұлақтарды зерттеу әдістерін оқу процесінде пайдаланудың тиімділігін педагогикалық эксперимент арқылы дәлелдеу

Авторлар

  • N Khamitova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • Z Abdrasulova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • S Tuleukhanov Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • Z Kuzhantaeva Казахский Государственный женский педагогический университет
  • S Zhienbai Аркалыкский государственный педагогический институт имени И. Алтынсарина
  • N Salybekov Международный казахско-турецкий университет имени Ходжи Ахмеда Ясави

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/JES.2019.v58.i1.015

Аңдатпа

Мақалада бoлaшaқ биолог мұғалімдердің зерттеушілік іс - әрекетін қалыптастыру мәселелері қарастырылған. Биологиялық эксперимент кезінде алынған биологиялық ақпараттарды қолдана отырып арнайы дайындалған әдістеме педагогикалық тәжірибе кезінде сынақтан өткізілді. Сонымен қатар отандық және шетелдік әдіскер ғалымдардың жұмыстарына шолу жасалынып, педагогикалық тәжірибе кезінде басшылыққа алынды.   Педагогикалық эксперимент 2017-2019 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде 5B011300-Биология мамандығының 2 курс студенттерінің қатысуымен жүргізілді. Педагогикалық экпериментке қатыстырылған студенттер екі топқа бөлініп алынды, бақылау және эксперимент тобы. Педагогикалық эксперимент 3 кезеңнен тұрды: анықтау, қалыптастыру және нәтижені қорытындылау немесе бақылау кезеңі. Әрбір кезеңдегі зерттеу проблемасы бойынша теориялық қорытындылары тәжірибелік - эксперименттік тұрғыдан тексеріліп отырды және алынғaн нәтижeлepдi caлыcтыpу, тaлдaу жәнe қopытындылaу болашақ биолог мұғалімдердің зерттеушілік іс - әрекетін қалыптастырудың бастапқы дeңгeйiн анықтауға мүмкiндiк бepдi. Зерттеу жұмысының алғашқы кезеңінде екі топтың студенттеріне астық тұқымдастарды зақымдайтын саңырауқұлақтарға байланысты сауалнама жүргізілді.  Екінші кезеңде эксперимент тобының білім алушыларын астық тұқымдастарын зақымдайтын саңырауқұлақтарды зерттеу әдістерімен таныстырып, зерттеушілік біліктіліктері қалыптастырылды. Үшінші кезеңде педагогикалық эксперимент нәтижесін анықтау мақсатында білім алушылардан қайтара сауалнама алынды.  

Түйін сөздер: астық тұқым, саңырауқұлақ, педагогикалық эксперимент, зерттеушілік қабілет.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-05-28

Журналдың саны

Бөлім

Методика преподавания дисциплин

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары