Қазақстанның жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары
##doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.26577/JES.2019.v59.i2.07Аңдатпа
Мақала заманауи жағдайларда Қазақстандағы жоғары кәсіби білімнің бәсекеге қабілеттілігіне және сапасына әсер ететін факторларды талдауға арналған. Бұл мақалада қазақстандық ЖОО-лардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары қарастырылады. Осы зерттеу тақырыбының өзектілігі қазіргі заманғы білім беру кеңістігінде университеттің бәсекеге қабілетті
артықшылықтарын және маманға сұранысты арттыру жолдарын қалыптастыру болып табылады.
Зерттеудің мақсаты – Қазақстанның жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру ерекшеліктерін көрсету. Бұл тақырыпты зерделеудің теориялық маңыздылығы университеттердің бәсекеге қабілеттілігінің өңірлік ерекшеліктерін жаңа жағдайларда анықтау арқылы ұлттық университеттердің мәртебесін зерттеудің әдіснамалық негіздерін құру болып табылады. Практикалық тұрғыда авторлар жүргізген социологиялық зерттеулер қазіргі заманғы университеттердің жұмысына оң немесе теріс әсер ететін факторлар жүйесін көрсетеді. Зерттеу нәтижелері Қазақстандағы жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіштер жүйесін құруға мүмкіндік береді. Мақалада университеттердің бәсекеге қабілеттілігі мәселесін шешуде маркетингтік зерттеулердің мүмкіндіктері және білім беру қызметтері нарығында, сондай-ақ еңбек нарығында университеттің бәсекелестік артықшылықтарын арттыру мүмкіндіктері көрсетілген. Зерттеу негізінде университеттің бәсекеге қабілеттілігі мен мәртебесіне әсер ететін факторлар, сондай- ақ білім сапасы көрсетіліп, университеттің аймақтық және әлемдік білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілеттілігі бар мамандық таңдаудың корреляциясы белгіленді.
Түйін сөздер: университеттің бәсекеге қабілеттілігі, маркетинг, білім сапасы.
