Қазақстанның жоғары оқу орындары оқытушылары мен экспаттардың мотивациясын кросс-мәдени аспектіде эксперименттік зерттеу
##doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.26577/JES.2020.v62.i1.08Аңдатпа
Бұл мақала жоғары оқу орындары оқытушылары – Қазақстан Республикасының азаматтары мен республиканың жоғары рейтингтегі оқу орындарына шақырылған экспаттар мотивациясын зерттеуге арналған. Зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде біз білім беру жүйесін дамыту мен реформалаудың қазіргі кезеңінде, бұрын іс жүзінде зерттелмеген және психологиялықпедагогикалық теория үшін жаңашылдығы бар, оқытушылар арасындағы кәсіби мотивацияны зерттеу және қалыптастыру мәселесі үлкен өзектілікке ие екендігін түсіндік. Жоғары мектеп оқыушыларының мотивациясы өте ерекше, өйткені олардың жұмысы оқыту, ғылыми-әдістемелік, тәрбиелік және ұйымдастырушылық қызметтерді біріктіреді. Сондықтан жоғары мектеп оқытушыларының жұмысын жоғары күрделіліктегі еңбек деп сипаттауға болады, бұл оқытушы еңбегінде оқытуға ынталандыру жүйесін қайта құруды және жоғары оқу орны оқытушысының жеке тұлғасының мотивациялық сферасын зерттеуді қажет етеді. Зерттеу пәні – тұлғаның мотивациялық саласы және жоғары оқу орындары оқытушыларының кәсіби мотивацияларын анықтайтын психологиялық сипаттамалар. Қазақстанның жоғары оқу орындары оқытушыларының кәсіби және жеке тұлғалық мотивациясының кросс-мәдени ерекшеліктерін эмпирикалық зерттеуді ұйымдастыру үшін бірнеше кезеңнен тұратын ғылыми-зерттеу бағдарламасы жасалды. Диагностикалық өлшемде 2 әдіс қолданылды: «Тұлғаның мотивациялық құрылымын диагностикалау» (В.Э. Мильман); «Жұмысқа қанағаттанушылықты анықтау әдістемесі» (А.В. Батрашев). Зерттеу Алматы мен Нұр-Сұлтандағы жоғары рейтингтегі жоғары оқу орындары – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ негізінде жүргізілді. Зерттеу жоғары оқу орындары оқытушылары – Қазақстан Республикасының азаматтары мен республиканың жоғары рейтингтегі оқу орындарына шақырылған экспаттардың кәсіби және жеке мотивациясы кросс-мәдени сипатқа ие екендігін көрсетті. Түйін сөздер: мотивация, оқытушылар, экспаттар, жоғары оқу орны, кросс-мәдени аспект, диагностика және т.б.
