Түлектерге деген сұраныс – білім беру сапасы мен университет қызметінің тиімділігін бағалаудың өлшемі ретінде

Авторлар

##doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.26577/JES.2020.v62.i1.10

Аңдатпа

Мақала университет түлектеріне білім беру қызметтері мен университет қызметінің сапасын бағалаудың көрсеткіші ретінде сұранысты талдауға арналған. Мақаланың мақсаты – студенттер арасында жүргізілген сауалнама мен жұмыс берушілер арасындағы сұхбатқа негізделе отырып, студенттердің және жұмыс берушілердің өздері арқылы университет түлектерінің қазіргі еңбек нарығындағы сұранысына оң немесе теріс әсер ететін факторларды көрсету. Зерттеудің негізгі бағыты – білім беру қызметтерінің сапасына және түлектердің сұранысына әсер ететін серіктестіктің негізгі бағыттарын көрсету. Ғылыми зерттеулердің теориялық және әдіснамалық негізі жоғары оқу орындарының түлектеріне қазіргі еңбек нарығында сұраныс пен білім беру қызметін бағалау критерийлері болып табылады. Мақаланы жазу кезінде факторлық және әлеуметтік талдау әдістері қолданылды. Нақты мәліметтер студенттер арасындағы сауалнамалар мен жұмыс берушілер арасындағы сұхбат арқылы жиналды. Бұл зерттеудің маңыздылығы жоғары оқу орындарының түлектеріне еңбек нарығында сұраныс индикаторларының бірі ретінде білім беру қызметтерінің сапасын бағалаудың кешенді параметрлерін анықтаудан тұрады. Зерттеу нәтижелері практикалық тұрғыдан алғанда жаңа форматтағы маман қалыптастыруда университеттер мен жұмыс берушілердің серіктестік әдістерін ұсынады және ЖОО түлектеріне деген сұранысты анықтайтын жиынтық көрсеткіштерді ұсынады. Оқу процесінің ғылыми және өндірістік қызметпен байланысын күшейту білім беру қызметтерінің сапасын, жоғары оқу орындары түлектерінің бәсекеге қабілеттілігі мен еңбек нарығында сұранысқа ие болуын едәуір жақсарта алады. Түйін сөздер: түлектер, жұмыс берушілер, еңбек нарығы, білім беру қызметтері, түлектерге сұраныс.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-04-15

Журналдың саны

Бөлім

Оценка и измерение в образовании: отечественный и зарубежный опыт

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары