Білім беру саласындағы психодиагностикалық әдістемелерді  тестілеуден өткізу және валидтеу: Қазақстандағы теория мен практика

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES88320267

Аңдатпа

Мақалада шетел авторларының психодиагностикалық әдістерін Қазақстанда қазақ және орыс тілдеріне бейімдеу мәселелері қарастырылған. Зерттеудің мақсаты – психодиагностиканы бейімдеу және валидтеу алгоритмдерін талдау, психология және педагогикалық  білім беру бағдарлмалары бойынша магистранттар мен докторанттар арасында әдістерді бейімдеу құзыреттіліктерінің қажеттілігін анықтау. Еліміздің жетекші психологиялық журналдарына жасалған талдау психометриялық бейімделу зерттеулерінің өзектілігін, сұранысын және маңыздылығын көрсетті. Мақалада ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің №AP23488243 «Қазақстандық және әлемдік білім берудегі психодиагностиканың даму тарихы: кросс-мәдени талдау және валидтеу алгоритмін жасау» гранттық зерттеу  жобасы аясында дайындалған тесттерді бейімдеу және валидтеу рәсімінің жеті кезеңі теориялық тұрғыда талданып, практикалық бағытта дәлелденді. Зерттеудің эмпирикалық бөлігінде тесттік бейімделу және валидация мәселесі бойынша магистранттар мен докторанттар арасында сауалнама жүргізілді. Сауалнама үш бөлімнен тұрды. Бірінші блок сауалнамаға қатысушылардың психодиагностика және статистикалық әдістер бойынша оқыту тәжірибесі туралы сұрақтарды қамтылды; екіншісі әртүрлі салалардағы әдістерді бейімдеу қажеттілігі туралы қатысушылардың пікірлерін зерттеуге арналды; үшінші блокта валидация алгоритмі және тесттік бейімделу ерекшеліктері    қорытындыланды. Сауалнамаға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті  мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Психология» және «Педагогика және психология» білім беру бағдарламаларының 40 магистранты мен докторанты қатысты.Қатысушылардың көпшілігі (іріктеудің 85%) қолданылған шетелдік сынақтарды бейімдеу және растау қажет деп санайды.Зерттеу нәтижелері тұлғалық ерекшеліктерге  және психикалық денсаулыққа арналған тесттерге деген сұраныстың көп екендігін көрсетті. Магистранттар мен докторанттардың шамамен 60%-ы валидтеу және бейімделу әдістерін  табысты игере алды, ал 60%-дан астамы өздерінің психометриялық құзыреттерін жақсартуға қызығушылық танытты.

Түйін сөздер: тесттер, психометрия, әдістерді бейімдеу рәсімі, лингвистикалық бейімделу, мәдени байқаудан өткізу, тест валидациясы.

Автор өмірбаяндары

  • А. Мынбаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: aigerim.mynbaeva@kaznu.edu.kz)

  • Г. Сейдулла, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    PhD докторант, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: gulbaur@mail.ru)

  • Б. Әрінова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    педагогика ғылымдарының кандидаты, ассистент  профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: baxit-a@ mail.ru

Жарияланды

2026-09-20

Журналдың саны

Бөлім

Психологиялық-педагогикалық зерттеулер

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары