Қазақстанда педагогикалық білім беруді қазіргі халықаралық тәжірибе контексінде талдау
##doi.readerDisplayName##:
10.26577/JES.2020.v64.i3.02Аңдатпа
Қазақстандағы білім беру сферасының тұрақты дамуы үшін орта білім берудегі соңғы он жылдықтағы жүргізілген реформалардан кейін педагогикалық білім берудің сапасына назар аудару керек. Қазақстанда орта білім беруді реформалауды ендіру жаңартылған мазмұнда мұғалімдерді дайындауда ең бастысы мұғалімдердің біліктіліктерін арттыру жүйесі арқылы жүзеге асыруға жұмылдырылады. Мұғалімдерді сапалы дайындаудағы реформалар мен педагогикалық мамандықтарға мектептің талантты түлектерін жұмылдыру, білім беру бағдарламалары мен оқытушылардың сапасы, қаржыландыру, институттық ресурстарды дамыту және мектептермен практиканың базасы ретінде серіктестік қарым-қатынас жасауда жүйелі тұрғылар қажет. Бұл факторларды білім беру саясатын және ұлттық контексті дайындау кезінде ескеру керек. Аталған мақала халықаралық тәжірибені талдау және оны Қазақстандағы қазіргі контекспен байланыстырып, педагогикалық білімді реформалаудың қажеттілігін негіздейді. Реформа педагогикалық білім берудің миссиясын айқындауы, мықты нормативтік база жасауы, жоғары оқу орындарына түсу үшін абитуриенттерді таңдау өлшемдерін және кәсіби мінездемелерді қайта қарастыруы, білім беру бағдарламаларының жаңа мазмұнын анықтауы тиіс, Қазақстан халықтарының әл-ауқатын арттыру және сапалы мұғалімдердің болашақ ұрпағын дайындау үшін білім, білік сипаттамалары бойынша педагогикалық жоғары оқу орындарының оқытушыларының сапасын жетілдірудің механизмдерін нығайтуы қажет. Түйін сөздер: педагогикалық білім беру, Қазақстан, білім беру сапасы, білім беруді реформалау.








