Педагогтардың цифрлық құзыреттілігінің қалыптасуының бүгінгі жағдайы мен проблемалары

Авторлар

  • Zh. Sardarova Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0002-5224-5371
  • N. Zhumasheva Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Қазақстан, Атырау қ. http://orcid.org/0000-0003-0648-1960
  • Z. Adilshinova Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Қазақстан , Ақтөбе қ. http://orcid.org/0000-0002-5461-2892
  • G. Abugaliyeva М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Қазақстан, Орал қ. http://orcid.org/0000-0002-4931-7610
  • L. Fedorchenko М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университеті, Қазақстан,Орал қ. http://orcid.org/0000-0002-7432-0766

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2023.v74.i1.06

Аңдатпа

 

    Қазіргі уақытта әлемдік деңгейде қарқынды дамып келе жатқан цифрландыру процесі
цифрлық құзыреттілікке ие білікті кадрларды талап етіп отыр. COVID-19 пандемиясы кезеңінде
цифрлық технологияның білім беру жүйесіндегі рөлі, оның орасан зор дидактикалық мүмкіндіктері
нақты дәлелденіп, қашықтан оқытуды ұйымдастыру мен оқу процесінің үздіксіздігін қамтамасыз
тәжірибесін жинақтауға негіз болды. Зерттеудің мақсаты – цифрлық құзыреттілік ұғымын
нақтылау және оның қалыптасу деңгейін, күнделікті тәжірибедегі мұғалімдердің проблемаларын
анықтау. Мақалада зерттеу тақырыбы бойынша алыс және жақын шетел ғалымдарының ғылыми-
зерттеу жұмыстарына талдау жасалып, өзіндік ой қорытындысы тұжырымдалған. «Цифрлық
құзыреттілік» ұғымының анықтамасы нақтыланып, цифрлық құзыреттіліктің мазмұнды
компоненттері (эмоционалды-ерікті, әлеуметтік медиа-коммуникативті, танымдық, белсенділік,
рефлексивті-бағалау) ажыратылып, сипатталған. Зерттеудің практикалық бөлігіне ҚР ББЖҚБАРИ-
да 2019-2021 біліктілігін арттырудан өткен Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақмола, Атырау және
Қызылорда облысының 122 педагогы қатысқан. Іріктеме қорытындысы бойынша педагогтердің
14,6%-ы цифрлық технологиялармен жұмыс істеуге деген психологиялық дайындықтың төмен
деңгейін, 45,2%-ы орташа деңгейді және 41,2%-ы жоғары деңгей көрсетті. Аталған деңгейлерді
анықтауда мұғалімдерге арналған дидактика және білім беруді цифрландыру бойынша
бейімделген ситуациялық тапсырмалар қолданылды.
Түйін сөздер: жаһандық цифрландыру, білім беруді цифрландыру, цифрлық технология,
педагогтер, цифрлық құзыреттілік.

Қосымша файлдар

Жарияланды

2023-03-20

Журналдың саны

Бөлім

Электронды оқыту мен дистанционды білім беру

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары